Екібастұз қаласында биткойн өндіріле бастады
Кеншілер шаһары атанған Екібастұз қаласында биткойн өндіріле бастады. Жаңа ашылған кәсіопрынға Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов барып қайтты.
Мамандар ұсынған мәлімет бойынша ең танымал криптовалюта түрін өндіретін орталық 2 ай жұмыс істейді. Кәсіпорын арнайы қытай жабдықтары арқылы жұмыс істейді және 15 Мегаватт энергияны пайдаланады.
– Бүгінгі күні Қазақстанда криптовалютаны өндіру мәселесі өте өзекті болып табылады, – дейді жоба бастығы Әнуар Сәрсенов. – Елімізде электр энергиясының профициті орын алып отыр. Осының арқасында энергияны көп қажет ететін жобаларға инвестициялар тарту мүмкіндігі туды. Біздің кәсіпорында Қытайда оқып келген 16 адам еңбек етеді.
Қазіргі күні орталықта биткойн өндірумен айналыстын бір ферма жұмыс істейді. Жуық арада кәсіпорынды кеңейту жоспарланып отыр.
Өз тілшімізден.