2019 жылға ТМККК шеңберінде дәрілерді сатып алу басталды
Бүгін Бірыңғай дистрибьютор 2019 жылға 42,5 млрд. теңге сомаға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 300 атауын сатып алуға арналған екі кезеңдік тендерді жариялайды. Бұл препараттар артериялық гипертензия, қант диабеті, онкология, гемофилия, шашыраңқы склероз, жүрек жеткіліксіздігі, пневмония, бронх демікпесі және көптеген басқа ауруларды емдеуге ТМККК шеңберінде стационарлық және амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін.
Осындай үлкен тендер бірінші рет электрондық форматта өтетін болады. Енді 2019 жылғы сатып алуға қатысуды жоспарлаған әлеуетті өнім берушілер 18 қыркүйекке дейін бірыңғай дистрибьютордың сатып алу сайтына http://www.sk-pharmacy.ecc.kz/ электрондық форматта өтінімдер тапсыруы тиіс. Қағаз түрінде ұсынылатын жалғыз құжат – банк кепілдігі болып табылады.
Алайда, егер тендерге қатысушылар тендерлік өтінімді қалыптастыру кезінде құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, оларда оны 2018 жылғы 1 қазанда Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу сайтында жариялайтын тендерлік комиссияның ескертулеріне сәйкес толықтыру мүмкіндіктері болады. Тендердің қорытындысы 17 қазанда бағаны төмендету аукционының қорытындысы бойынша белгілі болады. Аукцион электрондық форматта өтеді және 2019 жылы ТМККК шеңберінде еліміздің медициналық ұйымдарына дәрі-дәрмектерді жеткізетін өнім берушілерді анықтайды.
Айтпақшы, сатып алудың электрондық форматына өтуді денсаулық сақтауды цифрландыру шеңберінде бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады. Электронды сатып алу әкімшілік кедергілерді төмендетеді, сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етеді.
2019 жылы орталықтандырылған сатып алуға жататын дәрілер мен медбұйымдардың жалпы тізіміне 1144 дәрілік заттар мен медбұйымдар кіреді. Тізім бойынша медұйымдардан алдын ала 203 млрд. теңге сомаға өтінімдер келіп түсті. Олардың ішінен 550-ден астам атау амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін сатып алынатын болады.
Олардың 518 атауы отандық фармзауыттармен шығарылған, сондықтан отандық өндірісті қолдау шеңберінде бұл дәрі-дәрмектер қазақстандық фармөндірушілерден сатып алынатын болады.
Келесі жылы қазақстандықтар қамтамасыз етілетін дәрілердің 332 атауының елде тіркелген аналогтары жоқ. Дистрибьюторларды тізбектен шығару арқылы сатып алуды оңтайландыру мақсатында, Бірыңғай дистрибьютор осындай препараттарды тікелей дайындаушы-зауыттардан жеткізу туралы шарт жасасу туралы келіссөздер жүргізуде.
Өткен жылдардағы тәжірибеге бойынша ЮНИСЕФ және БҰҰДБ халықаралық ұйымдарымен ынтымақтастық айтарлықтай дәрежеде сатып алу бағасын төмендетуге мүмкіндік берді, бұл науқастарды дәрілік заттармен қамтуды бірнеше есе ұлғайтуға мүмкіндік берді. Биыл ЮНИСЕФ арқылы, сондай-ақ БҰҰДБ-мен ынтымақтастықта АИТВ-мен, вирустық гепатиттермен және туберкулезбен ауыратын науқастарға дәрілерді сатып алу жоспарлануда.