Болат Бақауов: бюджет қаржысын тиімді игеру қажет
Павлодар облысының әкімі қарамғындағыларға бюджеттік қаржыны игеру үшін уақытты тиімді пайдалануды тапсырды. Обыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында өңірлік бюджеттің игерілуі талқыланды.
Қаржы басқармасының басшысы Нұрлан Дүйсембиновтың айтуынша, 2018 жылдың жеті айында жоспардың 99,3 пайызы игерілген. — Өткен жылмен салыстырғанда бұл жақсы көрсеткіш екеніне қарамастан, жеті айда 933,8 миллион теңге игерілмеген, — деді ол. – Оның 55,6 миллион теңгесі – бюджеттік қаржыдан үнемделген қаражат. Ал, 878,2 миллион теңге игерілмеген. Игермеудің негізгі себебі жауапкершіліктің аздығы және бюджеттік жоба әкімшілерінің мердігерлер жұмысына бақылау жасамауы. Игерілмеген қаржының негізгі соммасы өндірістік жұмыстардың кестеден қалып қоюына байланысты жинақталған – 589,7 миллион теңге.
Облыс әкімі павлодарлық шенеуніктер үшін қаржылық жыл 1 желтоқсанда аяқталатынын ескертті. — Күнтізбелеріңізге жақсылап назар салып, уақытты тиімді пайдалануларыңызды ұсынамын, — деді өңір басшысы. – Жыл соңына дейін негізгі инвестициялық жобалар бойынша 26 миллиард теңге игерілуі қажет. Ол үшін қазірден күшейтілген тәртіппен жұмыс жасау керек. Кірістерге келетін болсақ, мен «ҚазТрансОйл» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ-нан келетін салықтың олардың орын ауыстыру мен жойылуларына байланысты азайғанын түсінемін. Сондықтан қосымша қормен жұмысты бастау керекпіз.
Салықшылар бюджеттің кіріс бөлігін көбейту үшін негізгі үш бағытпен жұмыс жасап жатқандарын жеткізді. Бұл – мүліктік табыс тапқандарды жеке салықтарын төлеуге шақыру, көлік салығы бойынша қарызы барларды қаржыны төлеуге итермелеу сияқты амалдар.
Әлихан Рахметоллаұлы