Баршаңызды мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз!
Еліміздің Ата Заңы жаңа Қазақстан жетістіктерінің берік кепіліне айналды. Ата Заң – біздің азаттық алғалы атқарған барлық істеріміздің алтын таразысы болып табылады. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары. Конституция еліміздің тұрақтануы мен өркендеуінің негізі.
Қазіргі таңда бүкіл әлем Қазақстанды дамыған, алдыңғы қатарлы мемлекет ретінде таниды. Уақыт өткен сайын еңсеміздің биіктеп, іргеміздің беки түскенін өзіміз де аңғарып жүрміз. Осынау жүйелі дамудың басты себебі Тәуелсіздік болса, сол Тәуелсіздіктің сенімді кепілі – Конституция!
Ата Заңымыз қабылданған күн құтты болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конституциямыз ғұмырлы, елдігіміз мәңгі болсын!