Алланың көркем есімдері

1.Алла – Алла Тағала, Жаратушы
2.Ар-Рахман – Қайырымды
3.Ар-Рахим – Мейірімді
4.Әл-Мәлік – Ғаламның қожасы
5.Әл-Құддыс – Жетілген, кемшіліксіз
6.Ас-Салам – Бейбітшіл, ізгі ниетті
7.Әл-Мүмін – Жан сақтаушы, береке беруші
8.Әл-Мухаймин – Қамқоршы
9.Әл-Әзіз – Құдіретті
10.Әл-Жаппар – Қуатты, еркімен билеуші
11.Әл-Мутакяббир – Шексіз ұлылық иесі
12.Әл-Халық – Жаратушы
13.Әл-Бари – Тірілерді жарылқаушы
14.Әл-Мусаввир – Баршаға түр беруші
15.Әл-Аввалу – Барлығын бастаушы
16.Әл-Ақыр – Ақырғы, қияметте жаза беруші
17.Аз-Захир – Нышаны анық көрінуші
18.Әл-Батын– Жасырын, құпияны білуші
19.Ас-Сами– Барлығын естуші
20.Әл-Басыр– Барлығын көруші
21.Әл-Мовла– Қолдаушы
22.Ан-Насыр – Көмекші
23.Әл-Қадыр – Қуатты, қолынан бәрі келуші
24.Әл-Ләтиф – Игі жүзді
25.Әл-Хабир – Барлығын білуші
26.Әл-Витр – Біртұтас
27.Әл-Жәмил – Көркем
28.Әл-Хайий – Қысылып, қымтырылушы
29.Ас-Ситтир – Қалқалаушы, жабушы
30.Әл-Кабир – Ең ұлы
31.Әл-Мутаали – Мәртебелі
32.Әл-Уахид – Жалғыз, дара
33.Әл-Қаһар – Үстем, жоғары тұрушы
34.Әл-Хақ – Ақиқат
35.Әл-Мубин – Анық
36.Әл-Кави – Аса күшті
37.Әл-Матин – Қуатты күштің иесі
38.Әл-Хайй – Мәңгі тірі
39.Әл-Каййум – Мұқтаж емес
40.Әл-Әли – Бәрінен биік
41.Әл-Әзім – Аса ұлы
42.Аш-Шакур – Жақсылық сыйлаушы
43.Әл-Халим – Шыдамды
44.Әл-Васи – Бар жерде болушы
45.Әл-Әлім – Барлығын білуші
46.Ат-Тавваб – Мінәжатқа құлақ қоюшы
47.Әл-Хакім – Кемеңгер
48.Әл-Ғани – Бай әрі барлығы сай
49.Әл-Кәрім – Ең жомарт
50.Әл-Вахид – Біртұтас
51.Әл-Муджиб – Тілекті қабыл қылушы
52.Ас-Самад – Өзін өзі қамтамасыз етуші
53.Әл-Ғафур – Барлығын кешіруші
54.Әл-Вадуд – Өзі жаратқанын түгел жақсы көруші
55.Әл-Вали – Жақын дос, тәуба қылғандарға көмектесуші
56.Әл-Хамид – Абырой, атаққа лайықты
57.Әл-Хафиз – Сақтаушы
58.Әл-Маджид – Ар-намыс,абырой иесі
59.Әл-Фаттах – Жанды рақатқа бөлеуші
60.Аш-Шахид – Баршаның куәсі
61.Әл-Мухаддим – Қалағанды алға апарушы
62.Әл-Муаххир – Қалағанды кері кетіруші
63.Ан-нұр – Жарық беруші
64.Әл-Мухтадир – Өлшеусіз күш пен қуат иесі
65.Әл-Мусаир – Бағалаушы
66.Әл-Кабид – Игілікті ұстаушы
67.Әл-Басит – Ырыздық үлестіруші
68.Әл-Ырзық – Ырыздықты сыйлаушы
69.Әл-Кахир – Баршаның тірегі
70.Ад-Дайан – Қазылық етуші
71.Әл-Маннан – Кешірім беруші
72.Әл-Қадыр – Қабілетті
73.Әл-Халлах – Желеп-жебеуші
74.Ар-Рақыб – Бақылаушы, байқаушы
75.Әл-Вакиль – Бағып-қағушы, асыраушы
76.Әл-Мухси – Игілік беруші, жарылқаушы
77.Әл-Хасиб – Есепке алушы, есіркеуші
78.Аш-Шафи – Емдеуші
79.Ар-Рафи – Дос, жолдас
80.Әл-Муати – Қалауды беруші
81.Әл-Мукыт – Ас-суды беруші
82.Ас-Сайид – Жар болушы
83.Ат-Тайиб – Тамаша, керемет
84.Әл-Хакім – Жоғарғы сот, үкім шығарушы
85.Әл-Әкрам – Ең жомарт
86.Әл-Барр – Шапағатшыл
87.Әл-Ғаффар – Күнәні кешіруші
88.Ар-Рауф – Мейірбан, қамқоршы
89.Әл-Ваххаб – Несібе беруші
90.Әл-Жавад – Ақкөңіл, кенпейіл
91.Ас-Суббух – Мақтауға лайықты
92.Әл-Варис – Мирасқор
93.Ар-Раб – Жалғыз ие
94. Әл-Бақи – Мәнгілік
95.Маликуль-Мульки – патшалардың патшасы
96. Әл-Жәлил – Жоғары мәртебелі, толық сипатты
97.Ар-Рашид – Басшылық етуші
98.Ас-Сабур – Сабырлы
99.Әл-Әділ – Қарапайым, әділетті

Мұхамбет пайғамбар: «Жаратушының 99 есімі бар.Оны жаттап алғандарға жүмақтың есігі ашылады» – деген.

Құдіретті!
Қасиетті!
Сенімді!
Ескертуші!
Есіркеуші!
Төзімді!
Рахман!
Дархан!
Қайырымды!
Қайратты!
Тыңдата алған,
Тыңдай білген
сөзіңді.

Жаратушы!
Жарылқаушы!
Рақымды!
Кешірімді!
Мейірімді!
Ақылды!
Шарапатты!
Нұрлы!
Ардақты!
Қамқоршы!
Ақыл берген
пайғамбарға ақырғы.

Мәртебелі!
Нұр сипатты!
Қадірлі!
Теңдесі жоқ!
Әділетті!
Қажырлы!
Бар әлемнің
Куәгері!
Қожасы!
Дара!
Дана!
Ұлы!
Білгір!
Сабырлы!

Аялаушы!
Айқындаушы!
Ақтаушы!
Дем беруші!
Мүсіркеуші!
Сақтаушы!
Азғырынды
шайтандарға
ҚаҺарлы!
Адалдықты,
ізгілікті
Жақтаушы!

Жұлдыздардың,
Ай мен Күннің
Иесі!
Кеудесінде
жаны бардың
Киесі!
Ләй-ла-ил-Алла!
Тәңірім менің бір Алла!
Барлық мадақ
жалғыз Хаққа тиесі.

Ләй-ла-ил-Алла!

Ар-Рахман! Ас-Салам!
Ләй-ла-ил-Алла!
Ләй-ла-ил-Алла!
Ар-Рахим! Әл-Әкрам!

Ас-Сабур! Әл-Жәмил!
Ләй-ла-ил-Алла!
Ләй-ла-ил-Алла!
Ас-Самад! Әл-Хабир!

Аш-Шахид! Әл-Мәлік!
Ләй-ла-ил-Алла!
Ләй-ла-ил-Алла!
Аз-Захи! Әл-Халық!

Saule Meshitbaeva фб парақшасынан