Павлодарлық мектеп еліміз бойынша үздік деп танылды
№ 8 мектеп-лицей еліміздегі дарынды балаларға білім беретін үздік мектеп ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің кубогін иеленді.
— Бұл дарынды балалармен жұмыс істеуге бағытталған білім беру мекемесі. Мамандандырылған сыныптарда білім беру жаратылыс тану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық сияқты екі бағытта жүргізіледі. Көптеген жылдар бойы лицейде физика, информатика, химия, ағылшын тілі пәндерін ертерек оқыту тәжірибесі қолға алынған, — дейді облыстық білім беру басқармасында.
Лицей оқушылары – республикалық және халықаралық интеллектуалдық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Соңғы төрт жылда балалар облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде 576 медальдің иегері болды. 2017-2018 оқу жылында лицей оқушылары халықаралық деңгейде 18, ал республикалық байқауларда 24 медальге ие болды.
Любовь Кафтункина, Татьяна Рубцова, Юлия Якутович, Анатолий Билида, Ирина Молокова секілді лицей ұстаздарының есімдері облыстан тыс жерлерде танымал. Аталған мұғалімдердің ерең еңбегі талай рет лайықты бағасын алған. Биыл № 8 мектеп-лицейдің педагогикалық ұжымы білім беру саалсындағы жетістіктері үшін облыс әкімінің грантымен марапатталды.
Әлихан Рахметоллаұлы