Биылғы ҰБТ-да жеңілдіктер бар
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) биылғы жылы маусымның 1-15 аралығында 13-рет, еш өзгеріссіз бұрынғы әдістеме бойынша өтетін болады. 2016 жылғы ҰБТ-да тест тапсырмаларының қорына енетін жаңартулар:
- Логикалық тест тапсырмаларының көбеюі;
- Сұрақтарға диаграммалар, суреттер, кестелер, сызбалар (биология, география, химия, математика, физика пәндеріне) қосылуы;
- Тарихи құжаттар, жазба дереккөздермен жұмысты қамтитын тест тапсырмалары;
- Мәтінді түсініп, ұғыну мақсатындағы тест тапсырмалары.
Білім және ғылым министрлігі биылғы жылы мектеп бітіруші түлектерге төмендегідей жеңілдік жасап отыр:
Ағымдағы жылы тестілеу қорытындысы бойынша белгіленген төменгі шектік деңгейден өтпеген немесе «қанағаттанарлықсыз» (4 балдан кем) баға алған тұлғалар үшін тестілеу нәтижелері қөрсетілген сертификаттарымен қайта кешенді тестілеуге кipyгe рұқсат беру туралы шешім қабылдады. Бұл ретте аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзғаны және тестілеу қезінде тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін тестілеуден шығарылғандарға қайта тестілеуден өтуге рұқсат берілмейді.
Қайта кешенді тестілеу тамыз айының соңында, шетелдік жоғары оқу орындарынан Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына ауысу үшін студенттердің кешенді тестілеуімен бipгe өткізіледі. Өтініштерді қабылдау мерзімі тамыз айының бастапқы он күнінде жүргізіледі.
Өтініштерді қабылдау және тестілеуді өткізу Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген ЖОО қабылдау комиссияларымен тамыз айының 20-24 аралығында жүзеге асырылады. Тестілеу ақылы түрде, бекітілген прейскурант бағасына сәйкес болады (ҚР ЖОО-на түсу үшін өткізілетін тестілеудің бағасы — 2242 теңге).
Қайта кешенді тестілеу 4 пән бойынша, оның үшеуі міндетті пән: оқыту тілі (мемлекеттік немесе орыс тілі) математика, Қазақстан тарихы және таңдайтын мамандығына байланысты 4-ші таңдау пәні. Тестілеу уақыты — 2 сағат 30 минут.
Тестілеудің нәтижелері емтихан материалдарын өңдеу аяқталғаннан кейін тестілеу күні жарияланады. Апелляцияны өткізу pәciмі тестілеудің бұл түрінде қарастырылмаған.
Қайта кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша белгіленген төменгі шекті деңгейден өткендер Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына, ақылы бөлімге оқуға тапсыруға мүмкіндік алады. Келесі ескеретін мәселе білім беру саласындағы 23 мамандыққа осы жылдан бастап мемлекеттік білім грантын алу үшін 2-7 шілде аралығында шығармашылық емтихан тапсыруы тиіс.
Талапкерлерден педагогикалық мамандықтарға арнайы емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау жоғары оқу орындарында 20 маусым мен 4 шілде аралығында жүзеге асырылады.
Арнайы емтихан 5-14 шілде аралығында өткізіледі.
Осындай мұғалімдікке талабы бар түлектер арнайы белгіленген оқу орнына барып, шығармашылық емтиханға құжат тапсырады. Мысалы, Алматыда Абай атындағы ұлттық университетте.
2015 жылы 18-22 шілдеде өткізілген тестілеуге 78388 талапкер қатысты, оның ішінде 54884 талапкер қазақ тілінде, 23504 талапкер орыс тілінде. Биылғы жылы бұл көрсеткіш бұдан да жоғары болады деп күтілуде.
Талапкерлердің кешендік тестілеуге өтінішін қабылдау: 20 маусым – 9 шілде. Шығармашылық мамандықтар үшін өтініш қабылдау: 20 маусым – 1 шілде. Шығармашылық емтихан: 2 – 7 шілде. Талапкерлерді кешенді тестілеу: 17 – 23 шілде. Білім грантын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау: 23 – 31 шілде. Білім гранттарын тағайындау конкурсы: 1 – 10 тамыз.
Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін оқуға түсуші жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш, жалпы орта (орта жалпы) оқу орнын бітіргені туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек, 3×4 көлеміндегі екі фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын тапсырады.
Қосымша кешенді тестілеуге қатысу үшін шартты түрде қабылданған студент жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш, тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек тапсырады.
Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде аралығында, қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін — 1-8 тамыз, шартты қабылданған тыңдаушылардың қосымша кешенді тестілеуге қатысуы үшін 5-12 қаңтар аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.
Қайта кешенді тестілеу — 19-24 тамыз, шартты қабылданған тыңдаушылар үшін қосымша кешенді тестілеу 20-24 қаңтар аралығында өткізіледі.
Құрметті түлектер, Қазақстанның болашағы сендерсіңдер, ал болашақ бүгіннен басталады!Алдарыңда ұлы мақсат, міндеттер күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын! Аянбай еңбек етсе, адамның мүмкіндігі шексіз. Ендеше, іске сәт! Жолдарың ашық болсын!
Исабек Жанашев,
Ұлттық тестілеу орталығының
5 филиал жетекшісі.