Кітапты құрастырушылар қалай болса солай жазғанға ұқсайды…

Бүгін мектепте ұлдың кітаптарын беріпті. Парақтап шықтым. «Әдебиеттік оқу» деген пән бар екен ғой қазір. Құрастырушылар қалай болса солай жазғанға ұқсайды. Ішінде қазақтың ақын-жазушыларының шығармалары, соңынан кесте берілген. Ол кестеде сол адамға қысқаша сипаттама береді. Мысалға: Жүсіпбек Аймауытов — Павлодар обл. туған, жазушы, «Қартқожа», «Акбілек» атты романдары бар; Сәкен Сейфуллин — Қарағанды обл.туған, жазушы, ақын, «Көкшетау» поэмасын жазған дейді де Абай Құнанбаев — Семей өңірінде туған, ақын, аудармашы дей салады. Қадыр Мырза Әлі де, Мұқағали да, Фариза да жай ғана «аудармашы»! Оны қазіргі балалар қалай түсінеді? Бір мекемеде іс-қағаздарды аударып отыратын «переводчик» деп ойламасына кім кепіл?! Сәкен Жүнісовтың және т.б жазушылардың суреттері де жоқ! Әзілхан Нұршайықов, Тоқаш Бердияровтар жай ғана «Ұлы Отан соғысына қатысқан» деп беріліпті. «Әдебиеттік оқу» кітабында Мұхтар Әуезов атымен жоқ! Не дейсіз? Есесіне Василий Сухомлинский бар.
Екінші кітап — «Өзін -өзі тану» 1-2 сабақ Абайдан басталады да 3-4 сабақ «Х.К. Андерсеннің дана ертегілері» деп «Түймеқыз»(дюмовочка), «Оле-Лукойе», «Гадкий утенок» кетеді. Қазақта ертегі жоқ па еді? Кешіргейсің, Ер Төстік!Мұнда да Сухомлинский бірнеше жерде өріп жүр. Лариса Кобзеева, Михаил Андрианов, Валентина Осеева, Константин Ушинский, Анжелика Карабутова, Иван Василенко, Михаил Водопьянов дегендерден көз сүрінеді. Ыбырай Алтынсариннің 3 әңгімесі кірген де, В.Сухомлинскийдің 5 әңгімесі кірген!!! Ал, сонда біз «өзін — өзі тану» деп кімді танып жүрміз??? Бұл бері жағы, басқа кемшіліктері жыртылып-айырылады!

 

Қуаныш Оспан фб парақшасынан