«Отбасы күні» мерекесі атап өтілді
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Отбасы күні» мерекесін атап өтті.
Шараға департамент қызметкерлері отбасының және арнайы мониторингтік топ мүшелері, «Балалар – елдің болашағы» республикалық байқауының жеңімпаздары мен өнер иелері қатысты. Департамент басшысы Нұргүл Жанназарова жиналғандарды мерекемен құттықтады.
«Қыркүйек айының екінші жексенбісі — Отбасы күні болып бекітілгені белгілі. Осы орайда біз департаменттің қызмет бағытымен таныстыру үшін, мемлекеттік қызметтің имиджін көтеруге атсалысып жүрген азаматтардың жанұя мүшелерін шақырғанды жөн санадық. Олардың арасында әртүрлі мамандық иелері, ата кәсібін ұрпақтан-ұрпаққа мирас еткен еңбек әулеттері бар. Барлығы да құрмет пен мадаққа лайық», — деді Нұргүл Алмасқызы.
Салтанатты жиын кезінде ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігінің төрағасы төрағасы Алик Шпекбаевтың атынан арнайы мониторингтік топ төрайымы Рухия Алдоңғароваға грамота, сонымен қатар қызметтік міндеттерін үлгілі атқарып жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін және ҚР Конституция күнін мерекелеуге байланысты аумақтық департаменттің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының бас маманы Ахат Далабаев пен мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ақтолқын Хожаназарова алғыс және грамота табысталды. Департамент қатарына жаңадан қабылданған бас маман Гүлбаршын Қоңырова ант қабылдап, салтанатты түрде қызметтік бейдж алды.
Сонымен қатар, департамент басшысы Нұргүл Жанназарова «Балалар – елдің болашағы» республикалық байқауының жеңімпаздарымен кездесіп, алғыс хатпен марапттады. Түпқараған ауданы Таушық ауылы Шахта орта мектебінің 11–сынып оқушылары Ақерке Қосымбаева, Азамат Қуанышұлы және Айжұлдыз Қуатбаева «Ауыл көшбасшылары» жобасы аясында «Этнотуризм», «Смартауыл», «Дұрыс тамақтану» тақырыбында өз жобаларын қорғап, республика бойынша байқауға қатысқан 300 орта білім беру ұйымдары ішінен оза шауып, үздіктер қатарынан көріне білді.
Сондай-ақ, департаментте «Ашық есік күні» өткізілді. Аталмыш шара негізінен аумақтық департаментте жұмыс жасайтын қызметкерлердің туыстарына арналды. Департамент басшысы Нұргүл Жанназарова қарамағындағы қызметкерлердің туысқандарын жұмыс орнымен таныстыру мақсатында өзінің жұмыс кабинетін және қызметкерлердің кабинеттерін аралатты. Осылайша уәкілетті органның тыныс-тіршілігімен таныстырып, өзінің ашықтығын көрсетті. Әсіресе департаменттің тарихы, мәдениет, спорт саласындағы жетістіктері туралы сыр шертетін фотостендтермен таныстырып, алдағы жоспарымен бөлісті. Шараға қатысушылар мол әсер алғандарын жеткізіп, департаменттің алға қойған мақсатына жетуге тілегін білдірді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша
департаментінің баспасөз қызметі