Жер комиссиясы «Өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай» алып шыға ма?

 

Халықтың ашуын туғызған жер мәселесі «оңай шағылар жаңғақ» болмайтын түрі бар. Биліктің кейбір белсенділері «қалпақпен ұрып алатындай» қалып танытқан алқалы жиын бұрынғыдан да күрделене бастаған сыңайлы. Оған себеп: алыс-жақындағы

зиялы қауымның ұсыныстары өткір болып тұр. Әсіресе ел ағаларының көзқарастары мығым. Кез келген пікірімен санасуға «сүт бетіне шыққан қаймақтар» мәжбүр.

Өйткені қандай болмасын талап-тілек ескерілуге тиіс. Абайламаса «быламыққа да тіс сынатыны» белгілі. Қандай шешім шығады деп ауыл халқы құлақ түріп

отырғаны белгілі. «Өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай» алып шығу оңай іс емес, әрине. Ердің қарымы, ептінің шалымы сынға түскен «майданда»

оң шешімнің шығуына екі тарап та мүдделі. Бұл жолғы басқосуда Қазақстан азаматтарына ауыл шаруашылығы жерлерiн жекеменшiкке сату немесе жалға беру мәселесi қаралды. Амал қанша, пікір тағы да екіге жарылды. Әр тарап өз ұйғарымын жөн санап, кейбір

сәтте қызылкеңірдек болып айтысып та қалып жатты. Бірақ «битке өкпелеп тонын отқа жаққандар» кездеспеді. Керісінше, өз бағытын темір қазық санап, ұстанымына

халықты «қалқан етіп» сөйлегендер көп болды. Олардың сапында кезінде билік төрінде болғандардың да көптеп бой көрсеткені аңғарылды. Комиссияның екінші отырысына елге қалаулы, билікке аяулы 75 адам шақырылса, оның екеуі «қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» дегендей кейіп танытып, комиссия отырысынан бас тартса, 6-уы белгілі

себептермен жиынға қатыса алмады. Жер реформасы жөніндегі комиссияның екiншi отырысы да «халықтың қалауын қайтсек табамыз» деген сарында өрбіді. Обалы

нешік, бұра тарту, бұрмалау орын алмады.

IMG_8373

 

ЖЕР ДАУЫ ЖЕР БАУЫРЛАП ҚАЛМАСА ИГІ

Сөйтіп, басты тақырыптан ауытқып кеткен жиын тізгінін комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев қайта қолына алып, мәселені оңтайлы шешу үшін құрылмақ төрт топтың жетекшілерін тағайындауды бастады. Жұмыс топтарының жетекшiлерiн комиссия мүшелерi ұсынып, дауыс беру арқылы сайлады. Сонымен, экономикалық

бағыттағы жұмыс тобының төрағасы болып бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі, ғалым Ақылбек Күрiшбаев сайланды. Құқықтық жұмыс тобына белгілі қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан жетекшiлiк етеді. Ал ақпараттық түсiндiру тобын Мұрат Әбенов, ұйымдастырушылық мақсаттағы жұмыс тобын Дос Көшiм басқаратын болды.

Комиссия ішінен құрылған топ жетекшілері бекітілгесін, Б.Сағынтаев жиынның негізгі мәселесін талқылауды қолға алды:

— Комиссияның негізгі мақсаты — жер мәселесі жөнінде егжей-тегжейлі талдау жасап, Парламент қарауына өз ұсынысымызды жіберу. Біз уәкілетті орган емеспіз, сондықтан біз халыққа пайдалы жағын қарастырайық, — деп, жиынға қатысушыларға әдеттегідей өз ойларын жеткізуге 5 минуттан уақыт берілетінін ескертті.

20121101141129Біздің байқағанымыз: күн тәртібінде жерді сату керек пе, әлде жалға беру керек пе деген өзекті сұрақ тұрды. Содан да болар, әртүрлі пікірлер айтылды. Түрлі ұсыныстар да қаралды. Соның бірі қоғам қайраткері Мұрат Әбенов мырзаның әлеуметтік теңдікке назар аудара отырып, ауыл шаруашылығымен айналысатындарға 10 гектар

жерді тегін беруді ұсынғаны десек, қателеспейміз. Оның сөзіне қарағанда, 10 сотықты құрылыс тұрғызу үшін және 10 гектарды бұрын жер ала алмаған адамдар иеленуі тиіс. Бұл қоғамдағы қысымды азайтып, ішкі миграцияны арттыра түспек.

dfbs

Саясаткер Дос Көшім:

«Жерге қатысты үш мәселе бар: бірінші — экономикалық тиімділік, екінші — қазақ халқының менталитеті мен психологиясы, үшінші — бұрынғы жер реформасының нәтижесі. Біз қазір Қапшағайдың жағасына барып суға түсе алмай, балық аулай алмай қалдық. Алакөлде, Балқашта да жағдай солай. Қабанбай,

Бөгенбайлар тіріліп келсе де, өздері қорғаған жерде өзі еркін жүре алмайтын еді. Бұл 2003

жылы жерге меншік енгеннің нәтижесінде болып отыр. Мен жерді сату мен оны жалға беру арасында айырмашылықты түсіне алмай отырмын.

Бұл арада ешқандай да айырмашылық жоқ. Ешкім жерді меншіктеп алып кете алмайды. Билік те тартып ала алмайды. 49 жылға жалға берілсе, сосын тағы 49 жылға алуға болады. Бұл да мәңгілік деуге болады. Менің ойымша, осының өзі бір ғана термин секілді «сату» және «жалға алу» деген. Асып бара жатқан айырмашылық та

жоқ», — деген ой айтып, жерді жалға беру мен сатудың мәні бір деген көзқарасын білдірді. photo_119274

«Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед бұған келіспейтінін мына сөзімен аңғартты:

— Жерді жекеменшікке беру керек пе, жоқ па? Конституцияның 6-бабында жер жекемен-

шікке де, мемлекет меншігінде де болуы керек деп жазылған. Қанша комиссия құрсақ та, қанша қаулы қабылдасақ та, онда қабылданған шешім Конституцияға қайшы келетін болса, ондай заңның ешқандай да күші болмайды. Демек, жер жекеменшікте де болуы керек.

1389773873_shaxanov1

Ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов:

— Өткен жолы жерді сатпау керек деген пікірді осы жиналғанның 11-і қолдап, 59-ы қарсы

шығыпты. Бүгін де бәрі өз ойларында қалғанын

көріп отырмын. Біз биліктен шындықты ғана талап етіп отырмыз. Егер билік осыдан дұрыс шешім шығармайтын болса, онда бұл комиссияның

құны көк тиын, — деп қысқа қайырды.

 

ЖЕРДІ САТУ МЕН ЖАЛҒА БЕРУ КІМДЕР ҮШІН ТИІМДІ?

imgpreview

Өз кезегінде академик Кенжеғали Сағадиев:

«Мен жерді Қазақстан азаматтарының жекеменшігіне сатуды қолдаймын», — деп, өз

көзқарасында табандап тұрып алды.

jhuyt

Ақын Жүрсін Ерман жердiң артында бүкiл қазақ ұлтының тағдыры тұрғанын ашық айтты:

«Қазір комиссия бүгінде қоғамда дау тудырған барлық түйткілдер бойынша халықтың көңілінен шығатын шешімдер қабылдап, жер мәселесін жауып тастау керек. Менiң ойым халықтың ойы деп есептеймiн», — деді ол.

image

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев

жер мәселесіне басқа қырынан келді: «Жерді инвентаризациядан өткізіп, түгендеп алмайынша,

жерді жалға да, жекеменшікке де беруге болмайды. Бірақ біз отандастарымызға жерді беруді

қолдаймыз. Бізге Қазақстанмен көрші елдердің компанияларына жерді жалға бермеу керек деген норма қабылдау керек. Себебі сепаратизм қаупі бар».admin-ajax

Ал, халықтың мұңын арқалап жүрген қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан комиссия отырысында да, журналистерге айтқан пікірінде де ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға сатылуын толық қолдайтынын, бірақ арнайы шарттармен берілуі тиіс екенін жеткізді: «Жерді алған кәсіпкер бес жыл қызметін жасап, кейін

комиссияға есеп беруі керек», — деді ол.

 

ХАЛЫҚ ӨЗ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУ ҮШІН ҰСЫНЫСТАРЫН ЖЕТКІЗУГЕ ТИІС

Міне, осылайша, ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру мәселесі көтерілген жиында алғашқы отырыстағыдай комиссия мүшелерінің бір-біріне кереғар пікірде екендігі анық байқалды. Біз сөз алғандардың бәрін жіпке тізіп шығуды алдымызға

мақсат тұтпадық. Негізгілеріне ғана тоқталдық. Сөзжарыс аяқталғаннан кейін комиссияның сөзден іске көшетін кезі де жақындап қалғанын сөз арасында вице-премьер Б.Сағынтаевтың өзі айтып қалды:

Келесі отырыста біз жерді шетелдіктерге жалға береміз бе, бермейміз бе, соны бүгінгі

отырыстағы секілді талқылайтын боламыз. Содан кейін, осы үлкен екі тақырып айтылып,

талқыланып біткеннен соң, халыққа шығатын шығармыз, ол үшін өзіміздің позициямыз,

ұсынысымыз болу керек. Ондай ұсыныс болмаса, жай халыққа бару қисынсыз, олар да біздің ұсынысымызды күтіп отыр, — деді ол.

Жиын біте салысымен саясаттанушы Дос Көшімнен комиссияның кезекті отырысына

қандай баға беретінін сұрадық.

— Бұл отырыста да комиссия мүшелерінің өз ойларында қала беретіндіктеріне көзім анық

жетті. Тек әрқайсысы дәлелдер келтіре отырып өз уәждерін айтты. Енді алдағы жиыннан құр сөз емес нақты, дәлелді пікірлердің болуын күтемін,

— деді ол.

ТҮЙІН:

Қорытындылай келгенде, үш сағатқа созылған

отырыс жер реформасы жөнінде құрылған

комиссияның мойнынан бір жүкті түсірмесе

де, халыққа үміт сыйлайтын маңызды қадамға

көшкені айдан анық. Бұл жолғы отырыста не-

гізінен үш мәселеге қатысты ұсыныстар түсті.

Біріншісі — жерді қазақстандықтарға сатуға

және сатпауға, екіншісі — жалға беру немесе

бермеуге, үшіншісі — жерді қазақстандықтарға

10 гектарға дейін тегін беру туралы. Бұл

ұсыныстардың бәрі бүгінгі жиынның хаттама-

сына тіркелді. Жалпы, отырыс барысында 38

комиссия мүшесi өз ұсыныс-пiкiрлерiн айтты.

Олардың барлығы жүйеленiп, жұмыс топтарын-

да талқыланатын болды. Ал комиссияның келесi

отырысы 28 мамырға белгiленiп отыр. Онда ко-

миссия мүшелерi қоғамдық резонанс тудырған

жердi шетелдiктерге жалға беру мәселесiн

талқылайды.

Біз мақаламыздың басында ел ішіндегі

жағдайлармен жете таныс ел ағаларының да

жер реформасына үн қосып жатқанын айтқан

болатынбыз. Енді сол кісілердің пікірлеріне назар

аударайық.

 

МИЛЛИАРДЕР КЕДЕЙЛЕНСЕ, МИЛЛИОНЕР БОЛАР, ХАЛЫҚ КЕДЕЙЛЕНСЕ, КІМ БОЛАР?асанали-ашимов

Халық әртісі Асанәлі Әшімов:

— Жер мәселесінде халық не десе, сол дұрыс. Жер

— ана! Жерді сатуға болмайды. Сатты деген аты жаман. Бұл — айтылмауға, мүлде қозғалмауға тиіс мәселе. Мен бұған қатты қарсымын. Қарсы пікірімді өткенде

де айтқанмын жиналған топта. Ол жерде бірде-бір кісі қолдаған

жоқ. Жалға беру мәселесіне де қарсымын. Жердің гүлденгені,

құлпырғаны, тозып кетпегені жақсы, әрине. Әуелі өзімізді жарытып алуға тиіспіз. Мыңдаған гектар жерді басып алып, өңдемей жатқан дөкейлерден алып, өңдейтін

қарапайым шаруаларға берсе, қазақ жалқау емес қой. Қара халық деген, ол ұлы.

Елдің бар-жоғын, шынын айтып тұратын — халық. Мемлекеттің басына қатер төнсе, оны сезінетін де, бұлқынып, көтерілетін де халық. Мемлекеттің

тағдырының шешуші күші халық болып есептелуі

керек. Билік сондықтан да халықпен есептесуі керек.

 

ҚАЗАҚТЫҢ ТӨЗІМІН КӨП СЫНАУҒА БОЛМАЙДЫ!iin

Мемлекет және қоғам қайраткері, академик Мырзатай Жолдасбеков:

— Иә, «жерді сату» дейтін сөз — ауыр сөз. Мен өзім

көп жылдан бері жазып келе жатырмын, қазақтың төзімін

көп сынамау қажет. Бәріне шыдайды. Төрт аяқты түйе шыд а м д ы болса, екі

аяқты осы қазақ төзімді. Сондықтан қазір жер-жерде босқа айқай

шығармау қажет. Біздің бағзы замандардан келе жатқан

ата дәстүріміз — мәміле.

 

ҚҰНАРЛЫ ЖЕРГЕ ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛЫ ЖЕТПЕЙ ТҰРҒАНДА, ЖЕР САТУҒА БОЛМАЙДЫ!

Амангелді Айталы

Қоғам қайраткері Амангелді Айталы:

— Жер — ұлтаралық татулықтың негізі. Қазақтардың басым көпшілігі

құнарлы жерде отырған жоқ. Бұл — Ресейдің отарлау саясатының салдары. Халықтың барлығын бірдей құнарлы жерге қол жеткізбей тұрғанда

жер сатылса, ел ішінде алауыздық туады.

Жер — қазақтар үшін табыстың көзі ғана емес, рухани құндылық, қазақты қазақ ететін ата-

мекені. ҚР Конституциясының преамбуласында «байырғы қазақ жерінде мемлекет-

тік құра отырып» деген ұлағатты сөздер тегін жазылмаған. Жер сатуға қарсылық тек қазақтар арасында орын алуы да осыдан. Қазақ жерді басқадан қызғанбайды,

бірақ намысын қорғайды. Жер қатынасын реттеу, жерден табыс табудың жолы жерді тек жекеменшікке сату деу — біржақты пікір. Жерді жалға алып, оны күтіп-баптап, егін өсіре алмай отырған шаруа қожасы, фермерлер көп. Ол өмір көрсетіп отырғандайжерге жекеменшік иесі болмағандықтан емес, қаржысыз, техникасыз болуынан. Еліміздің тірегі — татулық пен тұрақтылық. Жерді сатпасақ, нарыққа өтпейміз деу де шындыққа сай емес.

Нағашыбай Қабылбек