Бақытжан Сағынтаев Павлодарда ТМД бойынша ең үлкен деректер орталығының жұмысымен танысты
Бүгін жұмыс сапары аясында келген Павлодар облысына Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевқа «Қазақтелеком» АҚ мен Hewlett-Packard компаниясының бірлескен жобасы, ТМД-дағы ең үлкен деректер орталығының инновациялық қызметтері таныстырылды. Бұл туралы primerminister.kz сайты хабарлады.
Премьер-Министр Деректерді өңдеу орталығының (ДӨО) командалық орталығы мен гермоаймағын тексерді. Мұнда қарапайым телефон байланысынан бастап, цифрлық телевизия мен кең жолақты интернет нарығындағы соңғы ұсыныстарға дейін әртүрлі қызметтер ұсынылады. Қалалар мен ауылдық елді мекендер арасындағы «Қазақтелеком» АҚ қызметтеріне қол жеткізу мен пайдаланудағы айырмашылық азайып келеді.
«Қазақтелеком» АҚ деректер орталықтарының желісі жалпы республиканы қамтиды және виртуалды хостинг, VPS, Colocation, Dedicated қызметтері, сондай-ақ, биыл шілде айында қосылған Microsoft Hosted SharePoint, Microsoft Hosted Exchange және бейнеконференция байланысы жүйесі секілді бірқатар инновациялық сервистерді ұсынатын 14 нысаны бар.
Орталықтың жұмысы туралы Genesis Mining компаниясының жергілікті өкілі Лукас Пфайффер айтып берді. Бүгінде деректер орталығы электронды ақпартты өңдеп әрі сақтайтын 11 мыңнан аса құрылғыны қабылдауға қауқарлы. Тіршілікті қамтамасыз ететін барлық жүйе мысалы, энергетика, кондициялау, өрт сөндіру жүйелері кейінге сақталып, мәліметтерді жіберетін магистралды каналдарға қосылған.
Сондай-ақ, Деректерді өңдеу орталығында жинақтық есептеу тұжырымдамасы негізінде жасалған қызметтер ұсынылады, мәселен: жинақтық серверлік платформа, деректерді сақтаудың жинақтық жүйесі, деректерді өңдеудің виртуалды сақтық орталығы, бизнеске арналған бағдарламалық қамсыздандыру, интерактивті қарым-қатынас және ақпаратпен алмасу жүйесі, жинақтық есептеу тұжырымдамасы негізінде жасалған қызметтер ұсынылады, мәселен: жинақтық серверлік платформа, деректерді сақтаудың жинақтық жүйесі, деректерді өңдеудің виртуалды сақтық орталығы, бизнеске арналған бағдарламалық қамсыздандыру, интерактивті қарым-қатынас және ақпаратпен алмасу жүйесі, жинақтық бейнеконференция байланысы.
Әлихан Рахметоллаұлы