Долларды КСРО- ға кіргізбеген Сталин ақымақ емес еді

Кезінде Долларды КСРО- ға кіргізбеген Сталин ақымақ емес еді.
Ол кезде де долларды кіргізіп, дүниежүзілік монетарлық жүйеге қосылуға мүмкіндік бар еді. Сталиннің Горбачев ұқсап Нобель силығын алып, байлыққа көміліп өмір сүруге жағдайы болды. Алайда, Сталиннің ары бұған жібермеді. Ол халықтың мүддесін бірінші қойды. Нәтижесінде; рубльдің құны жоғары болды. Қаншама жыл долларыңыз тиын тұрды.
Тіпті, Трумэн мен Черчильдің өзі Сталинді көндіре алмады. Сөйтіп, алып империя халықаралық сауда ұйымының ырқына бағынбады.
Сталин көнбеген соң АҚШ пен Англия КСРО — ға қарсы 40 жылға созылған қырғи — қабақ соғысты бастады. Бұл Черчильдің 1947 жылы Фултон қаласындағы сөзінен кейін жүзеге асты. Черчиль Фултонда сөйлеген өзінің атақты сөзінде «КСРО -ны темір қоршаудағы» ел деп жариялап, ол енді капитализмнің ата жауы деген еді.
Осыдан кейін КСРО өзімен өзі өмір сүрді. Бірақ, сол кезде де тамақ болды. Киім де болды, көлік те болды. Ең бастысы арзаншылық еді. Қазіргідей қымбатшылық пен ақшаның құнсыздануы жоқ еді. Бәрі де тиын тұрды. Ең бастысы ақшаның құны болса адамның да әлеуметтік жағдайы төмен бола қоймайды. Отандық өнім де қол жетімді еді.
Алайда, адам қашан да жақсы жағына ұмтылады. Халық ендігі жерде отандық емес, шет елдік машинамен жүргісі келді. Шет елдік сусынды ішкісі келді. Капитализмнің кейбір құндылықтарын аңсады. Осындай факторлар салдары аяғында сол он бес республикадан тұратын алып елдің тәуелсіздігін долларға айырбастауға алып келді.
Бұл жабайы капитализмнің тек жақсы жағы мен жаман жағы да қатар кірді. Ол заңды да. Шекара ашылды. Шексіздік пайда болды.
Долларды кіргізіп, халықаралық валюта қорына қуана кіргенімізде кейін сол халықаралық ақшаның түбімізге жететінін білген жоқ шығармыз. Бәлкім, биліктегілер білген де болар.
Қазір доллардың сол елдердің ақшасын жұту процесі жүріп жатыр. Ендігі жерде деңдеп кірген доллардан бас тарту қиын болар. Себебі, елдің көзі ашық. Бұрынғыдай Қазақ — Өзбектің, Өзбек- Тәжіктің тауарын алғысы келмейді. Себебі; шекара сыртында мықты нарық бар. Ал, мұндай жағдайда доллардан бас тарту күлкілі көрінеді.
Ал, қымбатшылық біздің елде де күннен күнге жайлап барады. Мұнымен нақты антикризистік бағдарлама жасап, нақты күресетін үкіметіңді көріп тұрған жоқпын…

 

Айбол Карашев фб парақшасынан