Нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз — қазақ домбыра
Нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз — қазақ домбыра демекші,атадан қалған асыл мұраны аманат етіп. Осы күнгі жас ұрпаққа үлгі еткен ата бабаларымыз жетерлік. Соның бірі –бірегейлі Абылайұлы Амантай 75 жастағы есімді ақсақалымыз жайлы бір үздік сыр…
-Амантай ата өзініз туралы айта кетсеңіз,домбыра жасауды қай кезден бастаған едіңіз?
-Мен 1943 жылы Түркістан облысы Жетісай қаласында дүниеге келген. Кәзіргі таңда Алматы облысы Шамалған ауылында тұрып жатырмын.
Бала кезінде жоқшылық кезді бастан өткізген Амантай атамыз 16 жасында ағаштан керемет домбыралар жасайтын. Алғашқы кезде балтамен шапшалы, пышақпен жонып жасап, бір айдың айналасында домбыра жасайтынмын. Домбыра жасауды кәсіп еткеніме 59 жыл болыпты. Жылына 50 дана домбыра жасап шығарамын. Сонда 59 жылда жоба мен 3000-ға жуық ұлттық аспаптың осы түрін шығарыппын.
Кеңестік кезендегі фабриканың дайын домбыраларының үні мені қанағаттандыра алмады. Одан көрі өзімнің жасаған домбыраларымның сапасы әлдеқайда басымырақ түсіп жатты. Тәуекел деп «домбыраның сапасын, үнін халықаралық дәрежеге жеткіземін» деп алдыма мақсат қойдым. Міне, бүгінгі күні сол діттеген мақсатыма жеткендеймін.
-Сіздің жасайтын домбыраларыңыз қаншалықты сұранысқа ие? Еліміздегі танымал тұлғалар тапсырыс берген бе? Құпия болмаса, бағаларын айтсаңыз…
Ия шеберханадан шығып жатқан қаншама домбыралар бар. Негізінен домбыраға тапсырыс беретіндер өте көп. Бүгінде халыққа есімі белгілі өнерпаздардың басым көпшілігіне домбыра ұсыныс талап ететін, белгілі домбыраны Астанадағы өнер академиясының профессоры Тұрар Әліпбаевта арнайы домбыра жасатқан. Менің қолымнан шыққан домбыралар Өзбекстан, Қырғыстан, Қытай, Германия секілді елдерге жөнетілген. Бірақ бағаларын айта алмаймын. Дегенмен тапсырыс берушілердің қалтасына салмақ салмауға тырысамын.
-Болашағынан үміт күттірер шәкіртіңіз барма?
-Қолөнер материалдық тұрғыда байлыққа белшеден батыратын кәсіп емес.Мұның ақысы азғантай. Ал әр күнің ақ тер-көк тер еңбекпен өтеді. Сондықтан бұған жастардың келуі сирек. Ауырсынады. Талаптанушыларға тәжірибемді үйретемін.
Бұл өнеріме немере қызымды баулыдым.Қызым Кенжекул өзі де өнерге жақын. Қолынан келгенше сандық, бесік жасайды. Маған дайындық жасауға көмектеседі.
-Амантай ата, сізді тек домбыра жасаудың шебері ғана емес, Күйші деп те біледі. Осыған тоқталып өтсеңіз?
Менің ұғымымда домбыраны немесе қандай да бір ұлттық аспап түрін жасай білген шебер ол аспапта ойнай да білуі керек. Осы күнге дейін халық композиторларының 50-ге жуық күйін оның шығу тарихымен қоса жете білемін және оларды жанымды салып тартамын. Өзімнің шығармашылығымда «Қостұра», «Қарабура», «Төлегенге арнау»,тағы басқа –барлығы жеті күйім бар. Өйткені мені жасартатын да, өмірімді ұзартатын да –өнер. Немелеріммен қызығын көрсем деймін. Күнделікті өмірдің күйбеңімен кейде еңсені басатын уайымдарды ойламауға тырысамын. Кешкі тамақтан кейін түнгі 1-2 –лерге дейін шеберханамда жұмыс істеймін.
-Әнгімеңізге рахмет!
P.S. Амантай шебер жасаған домбыралар көлеміне қарай әркелкі.Үлкендерге арналған, төменгі сынып оқушыларын лайықталған, балабақша бүлдіршіндеріне арналған кішкене және сый-кәделік домбыралар бар. Әдетте, домбыраныы жасатқысы келіп, түр –түрін іздегендер Ерекеңнің үйіндегі шеберханаға келіп табан тірейді.