Павлодарлық қоғамдық бірлестіктер латын графикасын заманауи технологиялық ортаға енгізу мәселелерін талқылады


Өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерімен «Латын графикасына көшу – заман талабы» атты жиын өтті. Шараға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалы, «Замандас» ардагерлер клубы, «Ұлт тағдыры» қозғалысы, «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің облыс бойынша филиалының мүшелері, «Найзатас» әдеби-көркем және қоғамдық саяси журналы, «Жастар салауатты өмір салты үшін» жастар қоғамдық бірлестігі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы және тағы басқа үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында латын графикасы  қазіргі заманауи технологиялық ортаға енгізу,  коммуникация және XXI ғасырдағы ғылым, білім,  ұлтаралық қатынас тілі екені туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ латын графикасына көшу кезең-кезеңімен, қазақ тілінің ерекшеліктерін ескере отырып іске асырылатыны тілге тиек етілді.

—  Соңғы уақытта аймағымызда қоғам өміріне қатысатын    үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі артып келе жатқанын айта кеткен жөн.  Әсіресе, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына атсалысуда, — дейді облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бас маманы Дәулет Темірболат.

Басқарма басшысы Сәуле Османова  ҮЕҰ мүшелері тарапынан мемлекеттік тіл саясаты және қазақ тілін дамыту мәселелеріне байланысты жасаған ұсыныстары ескерілетінін жеткізді.

 

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы