Таразда “Шуақты шаңырақ” атты облыстық форум өтті
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы және Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Шуақты шаңырақ» облыстық форумы өтті. Бұл туралы “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Форумға қауымдастықтың құрметті мүшелері, секция жетекшілері, облыстық мәслихат депутаттары мен ардагерлер кеңесінің мүшелері, жас отбасылар шақырылған. Ал, форумға қоғам берекесін сақтаумен қатар тәуелсіздікті сақтауға, нығайтуға еселі үлес қосып жүрген отбасылар, жалпы 12 отбасы қатысты.
Шаңырақтың шаттығына айналған асыл жандарға мерекелік дастархан жайылып, ақ тілектер айтылды. Сонымен қатар, іріктеліп алынған жанұялар 4 номинация бойынша марапатталды.