МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры философия ғылымдарының кандидаты Гаухар Ахметова мен Павлодар облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың төрағасы Талғат Тағажай серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойды.
Құжат негізінде жоғары оқу орны мен сот органы «Заңтану» мамандығы бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу, дөңгелек үстелдер мен конференцияларды ұйымдастыру көзделеді.
Айта кетерлігі, ПМУ студенттері облыстық мамандандырылған ауданаралық соттың базасында бес жыл қатарынан тәжірибелік шаралар мен сабақтар жүргізіліп келеді. Ал сот мамандары С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің магистратурасында білім алып, ғылыми жұмыстарға рецензия жазумен айналысады.
Кездесі барасында сот қызметкерлеріне университет бойынша таныстыру экскурсиясы өткізіліп, медиация кабинетінің жұмысымен танысты. Меймандарға, сонымен қатар, от отырысын онлайн режимде көруге мүмкіндік беретін мобильді қосымшаның жұмысы туралы айтылды.
Сот отырыстарының аудио және видеожазбалары жасалады, бұл ақпараттармен сот кабинеті арқылы танысуға болады.
Өз тілшімізден.