ҮЗДІК БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ

Жақында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Үздік бастауыш партия ұйымы — 2018»
республикалық байқауының I-кезеңі аудандық филиалының ғимаратында кестеге сәйкес өткізілді. Залда арнайы экран және проектор қойылып, бастауыш партия ұйымдары (БПҰ) төрағаларының өз жұмыстарын көрсетуге толық жағдай жасалды.
«Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының іріктеу отырысына «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, комиссия төрағасы Манарбек Көшкімбаев, партияның аудандық филиалының
есеп және статистика секторының меңгерушісі, комияссия хатшысы Аян Кішкенбаев және комиссия мүшелері, аудандық мәслихаты аппаратының жетекшісі, партиялық
кадрлық резервінің резервисті Ұланбек Әліпбеков, Өнер және қосымша білім беру мектебінің директоры, партиялық
бақылау комиссиясының (ПБК) мүшесі Сержан Садуақасов, партия ардагері Әбдікерім Тойшыбеков,
«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы саяси жұмыс бөлімінің консультанты Азамат Байтишев, Жастар ресурстық орталығының директоры, партия аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы, ПБК
мүшесі Айбат Байқонысов, «Нұр Отан» партиясының аудандық мәслихатындағы депутаттық фракцияның
жетекшісі Шакизат Акимов қатысты.
Байқаудың мақсаты үздік бастауыш партия ұйымын анықтау, олардың жұмыс тәжірибесін елдің барлық аймақтарында тарату, партиялық және сайланбалы қызметтерге ұсыну мақсатында білікті және белсенді БПҰ төраға, төрайымдарынан партиялық кадрлардың резервін қалыптастыру және партия жұмысына қоғамдыстықтың назарын аудару болып табылады.
Шарада сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Манарбек Көшкімбаев БПҰ жұмысын жандандыру бағытындағы
шаралар туралы баяндап, сайысқа қатысушы бастауыш партия ұйымдарына сәттілік тіледі. Үздік бастауыш партия ұйымы байқауына қатысқан үміткерлер байқау ережесінде көрсетілген критерийлер бойынша өздерінің жыл ішінде атқарған жұмыстарын баяндап, слайд арқылы кеңінен көрсетіп шықты. Байқау қорытындысында 1-санат
бойынша 1-орынды «Жасұлан», 2-санат бойынша 1 орынды — «Биназар» БПҰ-дары иеленді. Ал 3-санат бойынша 1-орын «Тәлімгер» БПҰ-на берілді. Жеңімпаз БПҰ-дары дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ байқау барысында
қатысушыларға өткізілген жиналыстардың хаттамалары, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдардың қиындыларының тігілмегені және
атқарылған іс-шаралар бойынша фото есептердің жоқтығы жөнінде сын ескертпелер айтылды. БПҰ төрағалары, төрайымдары мен орынбасарларына байқаудың мақсаты мен орны туралы ақпараттар беріліп, алдағы уақыттарда
партиялық шараларға жауапкершілікпен қарау керектігі жөнінде кеңестер берілді.

Уалихан ЖАЙЛАУ,
«Мойынқұм таңы».
Суретті түсірген А. Әлтай.