ШОРМАННЫҢ ТАПҚЫРЛЫҒЫ

Құдаймендінің жалғыз ұлың тай теуіп өлтіреді.
Екі жеті орнынан тұрмайды.
Шоң би естіп,18 жасар
Шорманды шақырып, мынаны айтады:
— Мына қыналы белбеу мен
пышағымды ала кет.
Баратын адамың -Құдайменді. Өзі- төре.
Аталары- Барақ, Тұрсын
хандар.Соны есіңе сақта.
Шорман Құдаймендіге:
— Құдайменді, сен төресің,
Ақтың ісін білесің.
Құдай сее көріпті,
Жалғыз балаң өліпті.
Арғы атаң сенің- Барақ хан
Халықты аузына қаратқан
Тағы бір атаңТұрсын хан,
Терең айтқан қисыннан.
Бұлар да өткен дүниеден,
Дүние деген дүниенің,
Өзі де өткен дүниеден.
Өлмеймін десең, тұрып бақ,
Өлемін десең, мә, пышақ,- деп Шоң биден алған пышақты алдына тастайды.
Құдайменді орнынан тұрып, бір жеті
сыйлайды.
Аттанар алдында Шорманға:
— Сендер келіп, жақсы болдым, енді сендер кетесіңдер, қайғы қайта
басады, оны қалай кетіремін- деген екен.
Шорман сонда:
Қайғы деген уәж емес нәрсе,
Қыран құстың тұяғында
қалады,
Жүйрік аттың тұяғында
қалады,
Алқалы топтың алдында
қалады,
Сұлу қатынның қойнында
қалады,
Осының бірің істемесең,
Өзіңнің сіңіп, бойында қалады-деген екен.

Райхан Матаева фб парақшасынан