Атырау облысында құны 64 млрд теңгеден асатын инвестициялық жобалар сыбайлас жемқорлық әрекеттерден қорғалмақ

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен өткізілген жиналыста айтылды.

Protecting Business and Investments  жобасы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен «Белкина» жеке кәсіпкерлігімен, «Caspian Эко-Тур» ЖШС-мен және «Колизей Трейд Сервис»» ЖШС-мен Инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы екі жақты келісімдерге қол қойылды.

Департамент басшысының у.м.а Р.Тұңғышбаевтың айтуынша, «Колизей Трейд Сервис»» ЖШС-нің инвестициялық жобасының мақсаты Атырау облысында көліктік-логистикалық кешен салу, жобаның құны 160 млн.АҚШ долларын (56 млрд.тг) құрайды.

Сол секілді, «Caspian Эко-Тур» ЖШС-нің инвестициялық жобаның мақсаты-Атырау облысында тауарлық бекіре зауытының құрылысын салу, жобаның құны 2 млн.АҚШ долларын (700 млн.тг) құрайды.

Сонымен қатар, «Белкина» ЖК-нің инвестициялық жобасы Атырау қаласы аумағында азық-түлік және ауылшаруашылығы өнімдерінің көтерме –тарату орталығының құрылысын салу, жоба құны 1,51 млн.АҚШ долларын (528,5 млн.тг) құрайды.

Аталған жобалар  жүзеге асу барысында әкімшілік кедергілерден және сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен толығымен қорғалады, тиісінше тиімді бизнес жасауға мүмкіндік алады.

                            ҚР Мемлекеттік қызмет істері және

                            сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

                            Атырау облысы бойынша департаментінің

                            баспасөз қызметі