Павлодарда «Жыл тәрбиешісі– 2018» облыстық конкурсы өтіп жатыр

Павлодар облысында «Жыл тәрбиешісі – 2018» облыстық конкурсының І кезеңі аяқталды. Конкурсты облыстық білім беру басқармасы мен облыстық білім беруді дамытудың инновациялық орталығы ұйымдастыруда.

Конкурсқа мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиешілері қатысуда. Оған байқаудың аудандық және қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты. Облыстық конкурсқа қатысуға 16 үміткерден өтінім түскен. Байқаудың талап-шарты бойынша қатысушылардың педагогикалық жұмыс өтілдері – 4 жылдан 20 жылға, жас құрамы – 24-тен 55-ке дейінгі аралықта болуы керек.

Қатысушыларға І кезеңде берілетін тапсырманың тақырыбы – «Балаға деген жүрек жылуы. Мұнда қазылар алқасы тәрбиешінің оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешу бойынша педагогикалық қызметін жобалаудағы қабілетін бағалады. Алғашқы кезеңінің қорытындысы бойынша 10 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиешілері іріктеліп алынды. Олар жеңімпаз анықталғанша байқауды жалғастырады. 1. Кошлова Татьяна Анатольевна, Екібастұз қаласының №21 «Кішкентай данышпандар» сәбилер бақшасы, 2. Байтуғанова Динара Калдыбековна, Екібастұз қаласының №23 «Балауса» сәбилер бақшасы 3. Маусым Заурегүл, Баянауыл ауданының «Ұшқұлын» балабақшасы, 4. Беленко Наталья Анатольевна, Шарбақты ауданының «Айгөлек» сәбилер бақшасы, 5. Федорова Анастасия Анатольевна, Павлодар қаласының №29 сәбилер бақшасы, 6. Андреенко Виктория Анатольевна, Павлодар ауданының Розовка сәбилер бақшасы, 7. Суханкулова Үміт Мұратханқызы, Тереңкөл ауданының «Талбесік» балабақшасы, 8. Сагалова Гулден Сериковна, Аққулы ауданының «Айналайын» балабақшасы, 9. Шарипова Рауза Куановна, Успен ауданының Қозыкеткен ЖОМ жанындағы «Балапан» шағын орталығы, 10. Абилова Сауле Темирхановна, Ақсу қаласының «Балапан» сәбилер бақшасы.

Міне, осы аталған тәрбиешілер конкурстың екінші кезеңіне жолдама алып отыр. Келесі кезең Павлодар қаласындағы №44 және №126 сәбилер бақшасында өтеді.

Өз тілшімізден.