«Тарт қолыңды!..». Қазақ қыздарын құшақтаған түріктерге жігіттер кафеде тап берді
Жақында болған мына бір оқиғамен бөліскенді жөн көріп отырмын.
Өткен сенбіде көптен көріспеген бірнеше жігіт кафеде отырған едік. Бір уақытта шу шықты. Не болды екен деп көз салсақ, екі қазақтың жігіті ұлты бөтен біреулерді жұдырықтап жүр. Әлгі бөтендерді қорғап қазақтың екі сылқым сұлуы шыр-шыр етеді. Жұрт дүрлігіп қалды. Әлгі өзге ұлттың екі жігітін соқылап жүрген қазақ жігіттің бірі әлгілерді қорғап әуре болған екі қазақ қызының бірін боқтап, шапалаққа бір тартты.
Күзетшілер бар, өзге азаматтар бар жабылып жүріп төбелесті тоқтаттық. Бір түсінгеніміз,
екі қазақтың қызы екі түрікпен келіп кафеге отырған екен. Соны қызғанды ма, қазақтың жігіттері тап беріпті.
Әлгі жап-жас қыздардың жанындағылар жас жігіт деуге келмейтіндер. Жастары шамамамен елудің үстіне шыққандар. Бірақ әлгі қазақ қыздары соларды қорғап тыраштанып жүр. Біртүрлі жағдай екен. Әйтеуір кіжініп, боқтап тап-тап берген қазақ жігіттерінен қорықты ма, екі түрік сол жерден қашып құтылды. Артынан екі қыз да жоқ болды. Шамасы, екі түріктің артынан кеткен сияқты.
Біраздан соң әлгі екі жігітке жақындау барып, «Бауырларым, не болды?» деп едім, «Аға қарындастарымыз қанымызды ішіп бітті. Қай жерге барсаң да көрінген шетелдіктің құшағында отырған қазақ қыздарын көреміз. Анау-мынау емес, сұлу, сымбатты қыздарымыз. Ал сол қыздар шетелдіктермен қыдырып, жатып, ойнап-күліп болған соң қазақтың жігіттеріне түк болмағандай байға шығады. Бұған намысыңыз келмей ме? Ал шетелдіктерге не керек, қазақтың қыздарын көрінген жерде домалатып, ойындағысын істейді. Тіпті қыздар өздері жабысқан соң, әлгі шетелдіктер тіпті есіріп алды.
Қазақтың жігіттерін адам деп санамай, қыздарымызға біздің көзімізше ойындағысын істейді. Қазақтың жігіттеріне де намыс жоқ, рух жоқ. Көріп тұрса да үндемейді. Көбі таксист, қара жұмыста, базарда арба сүйрейді, күзетші. Ондай жұмыс істеген жігіттер кафе, мейрамханаларға келе ме ме, жоқ!
Кешке Алматының демалатын орындарының бәрінде шетелдіктер толып жүреді.
Қайыршы қазақ жігіттерінен толк болмаған соң қыздарымыз амалсыз шетелдіктермен танысып, жабысып солармен қыдырғанды, көңіл көтергенді жөн санайды.
Ал мұны біліп алған шетелдіктер «қазақ қыздары арзан, намыссыз. Не істе десең соны істейді», деген әңгімені жиі айтады. Бұл намысыңа келмей ме? Келеді. Жаңағыны қараңыз, түр десе түрі бар, дене десе денесі бар жап-жас қазақ қыздары ана екі түріктің шалымен сүйісіп отыр.
Неге намыстанбаймын?! Амалсыз ұруға тура келді. Әлгі түріктер ақша береді ме екен, сол екі қыз соларды қорғап жүр.
Жынданбай көр енді. Мен өзім КазГУ бітіргенмін. Онда да Ауғанстаннан қаңғып келгендер оқып жүр. Ол жерде де қазақтың қыздары соларға жабысып әлек. Ол жерде де намысты қолдан бермейін деп қыздар үшін ауған жігіттерімен төбелестім. Олар қорыққанынан мені көрсе әудем жерден айналып өтетін жағдайға жеткіздім. Қай жерде болмасын қазақтың намысын жер еткендерді аямаймын. Әсіресе қазақтың жігітін менсінбей, шетелдіктермен қыдыратындарды», деп екі жігіттің бірі екілене сөйлейді.
Оны жанындағы жігіт те қоштап қояды. «Басқа қаланы білмейміз, дәп Алматыда қазақтың қыздары көрінген шетелдіктің трәпкесіне айналып барады. Біз оған жол бергіміз келмейді», дейді ол.
«Жарайсыңдар. Сендер секілді намысты жігіттер тәрбиесіз қыздарды, есірген шетелдіктерді тәубесіне келтіріп отырған жөн», деп риза болып қалдым.
«Аға, бір-екі адам аздық етеді. Кез-келген қазақтың жігітті намысты болуы керек. Сонда ғана шетелдіктер елімізде аяғын алшаң баспай, абайлап басады. Қыздарымыз да байқап жүретін болады», десті олар.
Олардың тірлігіне риза болып орныма келіп отырдым.
Ерден Шайқы