Атырау облысының әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады
Атырауда облыстық мәслихаттың ХХV сессиясы өтті.
Аймақтық мәслихаттың кезекті отырысында өңір басшысы Нұрлан Ноғаев жиынға қатысушыларға Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын айтып өтті.
Облыс әкімінің айтуынша, қазіргі уақытта өңірдегі экономикалық жағдай тұрақты, мемлекет басшысының тапсырмалары орындалуда, сонымен қатар барлық мемлекеттік бағдарламалар жоспарға сәйкес жүзеге асырылып отыр.
— Кәсіпкерлік саласына келетін болсақ, бүгінгі күні Атырау облысында 45 906 белсенді шағын және орта бизнес субъектісі тіркелді, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша олардың жалпы сомасы 413,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылғыдан 38,7% — ға жоғары. Шағын және орта бизнес субъектілерінде бірінші тоқсан бойынша 121,9 мың жұмыс орны құрылды, — деді Нұрлан Ноғаев.
Бұдан өзге, Атырау облысында бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша жалпы сомасы 3,1 триллион теңгеге 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, онда 3635 жұмыс орны ашылды.
Ауыл шаруашылығында да жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Бүгінгі таңда егіс алқабының жалпы ауданы 8 616 гектарды құрайды, тамшылатып суару әдісі 2,540 гектарға пайдаланылануда. Балықтың құнды түрлерін сақтау және көбейту үшін балық өсіру каналдарын тереңдету бойынша Қиғаш өзені бойынша 132 шақырым, сондай-ақ Жайық өзенінің 62 шақырымында жүзеге асырылуда.
— Облыста жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрайды, биылғы жылға 27 613 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарда болса, 8 айдын көрсеткіші бойынша
20 182 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 11 260 орын тұрақты », — деді өңір басшысы.
Білім беру саласында бүгінгі таңда облыста 4 мектеп апаттық жағдайда, олардың біреуіне жаңа ғимарат салу басталды, ал қалған үшеуіне жобалық сметалық құжаттамалары әзірленуде. Атырау облысында қазіргі таңда үш ауысыммен оқитын 14 мектеп бар. Бұл мәселені шешу үшін 14 жаңа мектептің құрылысы басталды, тағы 8 мектеп мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаты бойынша салынатын болады. Жаңа оқу орындарының іске қосылуы мектептердегі оқушылардың кептелу мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
— Балабақшалар бойынша мектеп жасына дейінгі балаларды қамту 95% құрайды, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұл көрсеткішті 100% — ға дейін арттыру жоспарлануда. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен және аймақтағы жер қойнауын пайдаланушылар әлеуметтік аударымдардың есебінен балабақшалар мен мектепке дейінгі мекемелер салынады. Мәселен, өңірдегі МЖӘ қағидасына сәйкес, 20 жаңа балабақша салу жоспарлануда, — деп мәлімдеді облыс әкімі.
Облыста бала мен ана өлімінің, туберкулездің және онкологиялық аурулардың төмендеуі байқалады. Медициналық нысандар қазір 100% интернетке толық қосылған компьютерлік техникамен жабдықталған, қызметтердің көпшілігі электронды форматта ұсынылған.
Бүгінгі күні өңірде МЖӘ негізінде екі маңызды жоба іске асырылуда — көшелерді жарықтандыруды жаңғырту, сондай-ақ ауыл тұрғындарына рентгенография қызметтерін көрсету. Қазіргі уақытта Атырау қаласы мен оның маңындағы аудандарда жалпы ұзындығы 106 км болатын 39 көшеге көше жарықтары жасалды. Қазір МЖӘ шеңберінде аймақтағы тағы 194 көшені қамтитын көшек жарықтарын орнатуға келіссөздер жүргізілуде.
— Жер қатынастары саласында бүгінгі таңда 500 мың гектар жер мемлекеттік меншікке қайтарылды, жақын арада аукциондарда жер телімдері шығатын болады. Жеке тұрғын-үй құрылысына бөлінген 400 учаскеге барлық қажетті инфрақұрылымдар жүргізілуде. Бұдан басқа тағы 3500 жер учаскесіне инженерлік коммуникациялар жүргізілуде. — деді Нұрлан Ноғаев.
Бүгінгі күні қоғамдық қауіпсіздік саласында облыс орталығына кіре берісте 4 стационарлық полиция бекетінің құрылысы аяқталып, қала маңындағы аудандарда 20 полиция учаскесі салынуда.
Атырау облысы әкімінің баяндамасын облыстық мәслихаттың депутаттары бір ауыздан мақұлдап оң бағасын берді.
Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі