Мықты қуат беретін 4 таңғы ас

Таңертең керуеттен тұрып, сабаққа немесе жұмысқа барғыңыз келмейтін кездер болады. Ондай кезде тек қана кофе емес, таңғы ас та пайдалы. Сондықтан бүгін біз сіздерге көңіл-күйіңізді көтеріп, мықты күш беретін тамаша таңғы ас түрлерін ұсынғалы отырмыз. 

1. Құймақ

Ингредиенттер:

  • 2 стақан ұн;
  • 1/2 шай қасық қопсытқыш;
  • 2 шай қасық тұз;
  • 1,5 шай қасық даршын;
  • 2 шай қасық қант;
  • 2 жұмыртқа;
  • 2 стақан майы алынған сүт;
  • 1 шай қасық ваниль.

Дайындау жолы:

Барлық құрғақ ингредиентті араластырып, жұмыртқа мен сүт қосыңыз. Сосын сұйық қамырды табаға құйып, қалаған жеміс-жидегіңізді қоса аласыз. Шамамен 20-30 минут 180 °C-та пісірсеңіз, дәмі тіл үйіретін құймақ шығады.

2. Алма және даршын қосылған сүзбе

Ингредиенттер:

  • 3/4 стақан майы алынған сүзбе;
  • 1 алма;
  • 1/4 шай қасық даршын.

Дайындау жолы:

Тәрелкеге сүзбе мен кесілген алманы салып, үстіне даршын себіңіз.

3. Ыстық бутерброд

Ингредиенттер:

  • Бөлке;
  • 50 г саумалдық;
  • қызанақ;
  • 1 қатты піскен және көлденеңнен кесілген жұмыртқа;
  • 1 ас қасық майонез.

Дайындалу жолы:

Бөлкені ысытып, екіге бөліп, саумалдық пен қызанақты және майонез бен жұмыртқаны саласыз. Ал үстіне өзіңізге ұнайтын дәмдеуіш құралдарды қосуға болады.

4. Банан мен сұлыдан жасалған смузи

Ингредиенттер:

50 г сұлы қауызы;
100 г майы алынған йогурт;
1 банан;
100 г майы алынған сүт;
2 шай қасық бал.

Дайындалу жолы:

Жоғарыда айтылған ингредиенттердің бәрін блендерде араластырсаңыз болғаны.

 

http://mazhab.kz/kk/maqalalar/aielder-bolimi/myqty-quat-beretin-4-tangy-as-172/