Өлгендерді өртеу-заңы

Нагасаки, 1945 жыл.

Жапондық бала өзінің інісін өртеу пешіне әкеліп тұр.
Өлген інісін далаға тастап кетпей, арқасына байлап алып,мемлекеттің «өлгендерді өртеу»-заңына сәйкес, бала болса да әрекет етуде.

АҚШ 1945 жылы 9-тамызда Нагасаки қаласына (21 килотонн тротилға тең) атом бомбасын тастағанын білесіздер.
Бомба жарылысынан 80 мың адам ажал құшты (1945 ж аяғына дейін 140 мың)

Өлген адамдардың денелері бұзылып, түрлі аурулар мен эпидемияға ұласпас үшін қалада ашық пештерде (кремация) өртелді.

Мына баланың шешесі қайтыс болған.
Соңғы жанашыры кішкене бауыры да бомбалау салдарынан қаза тапты.

Інісін өртеу пешіне әкелген сәтте өзге де денелер өртеліп жатқан болатын.
Солардың рухы алдында бас иіп, салтанатты түрде ақтық сапарға тік тұрып, «честь»-беріп шығарып тұрған сәтінде,АҚШ теңіз жаяу әскер корпусының фототілшісі Джо О’Доннелл фотоға түсіріп алған.

Оның айтуы бойынша:

Мына бала інісінің денесін өртеп болғанша қасқайып тік тұрған.
Бірде-бір үн шығармай, көзі жасқа толса да бір тамшы жас шығармай, ернін тістеп қана бауырын ақтық сапарға самурайларға тән мықтылықпен , інісін жоғары құрметпен шығарып салған..

Есбол Бітімбайұлы фб парақшасын