Адам ішіндегі арпалыс

Ертеде бір қария немересімен серуендеп жүріп былай депті:

— Таңның атысымен әр адамның ішінде екі қасқыр арпалысып күресетіні секілді адамның ішкі жан-дүниесінде де екі үлкен күш арасында қақтығыс жүріп жатады. Бірінші қасқыр көралмаушылық, эгоист, қызғаншақтық, жалқаулық, өтірік айтушы сипатқа ие болса, екінші қасқыр тыныштық, мейірімділік, кешірімділік пен қарапайымдылық көрінісіне ие болады. Сонда немересі ойланып тұрып:

— Соңында қай қасқыр жеңіске жетеді,-деп сұрайды. Қария күлімсіреп:

— Адам қандай қасқырға азықты молырақ берсе сол жеңіске жетеді,-деп жауап берген екен.

Жалғас АСХАТҰЛЫ, 

дінтанушы