Бурабайда аудан тойымен, көшпенділер фестивалы тойланды

Биыл Ақмола облысының бірнеше аудандарының  90 жылдық мерейтойлары тойлануда. Солардың бірі , табиғаты тамылжыған, курортты Бурабай ауданының мерейтойы тойланды.  Аудан іргесі  1928 жылы Қызылжар округінің  Щучье ауданы болып құрылады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2009 жылдың 3 қыркүйекте аудан атауы Бурабай болып өзгереді. Бұл өзгерту Бурабай шипажайлы аймақты өркендетуге зор серпін, рух  бергенін атап өткен жөн.
Аудан мерейтойымен Астананың 20 жылдығына  орай ұйымдастырылған іс шараға  облыс әкімі Мəлік Мырзалин қатысып аудан тұрғындарын мерейлі мерекелерімен құттықтады. Мереке қарсаңында ұйымдастырылған іс шарамен төмендегі топтама арқылы танысатын боласыздар.

Ас дәмді болса, қонақ көңілді болады

Қазақстанның шипажайлы өңірінің маңдай алдысы Бурабайда халықаралық көшпенділер тағамдары атауымен «Nomad Food» халықаралық гастрономия лық фестивалы болып өтті. Іс шараны ҚР Ұлттық аспаздар ассоциациясымен Ақмола облысының туризм басқармасы ұйымдастырып, облыс әкімі М.Мырзалиннің қолдауымен жүзеге асты. Сайысқа   Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Сербия, Румыния, Монғолия, Азербайжан  елдерінен келген 14 команда 47 үміткер қатысты. Аспаздар құрамалық жүйемен көшпенді  халық тардың 12 түрлі тағамдарын әзірлеп бақ сынады.

Шара алдында Қазақстан Халықтары ассамбелиясының Ақмола облыстық филалы облыс аумағында тұрып жатқан этностардың ұлттық тағамдар көрмесін ұйымдастырды. Көрме соңынан фестивалдың ашылу салтанаты басталды. Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған бұл шара,   ұлтымыздың қонақ жайлығымен қатар, курорты аймақ Бурабайды әлемге танытып, туризмді өркендетуді мақсат тұтқан іс шара деп, білген жөн. Бурабай әлемдік денгейге көтерілі үшін, ас суының нәрі, дәмі әлемдік денгейде болуы шарт. Оны жасайтындар кімдер- аспаздар. Сол үшінде бұл фестивалдың маңызы зор. Себебі, өз аспаздарымыздың дегейін көтеру үшін, жетілген елдердің аспаздарының іс  тәжірибесінен үйреніп,   әлемдік денгейдегі аспаздармен бәсекеде қабілетті болуы шарт. Шараның осындай маңыздылығын ескерген Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин өзі келіп, қатысушыларды құттықтап, табыс тіледі. Әкім : — Бүгін Бурабайға елімізбен қатар алыс жақын шетелдің ең үздік аспаздары жиналғандықтан, келмеуге болмады. Туризмді дамыту Бурабайды дамыту. Оның басты қағидасы — сапалы қызмет көрсету. Туризм үшін сапаның басты факторының бірі тағам. Ол үшін  аспаздардың біліктілігі  маңызды. Бүгінгі көшпенділер фестивалі тек қана жарыс емес аспаздар өзара тәжірибе алмасып, тығыз  байланыс орнатуына жасалған  мүмкіндік. Алдағы уақытта айтулы шараның аясы кеңейіп, дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі деп сенетінін көпшілікке жеткізді.   Шара барысында отандық және шетелдік белгілі аспаздар шеберлік сабақтарын өткізіп, өз тәжірибелері мен бөлісті.

Фестиваль аясында Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы «Organic Food» атты ауыл шаруашылық тауар өндірушілер көрмесін ұйымдастырып «Халық қалауы» аталымы бойынша әділ қазылар таңдау жасады.

Таңдауда озып шыққан «Ақкөл тағамдары. «Ақсай нан Кокшетау»,
«Ижевский», «Тұқым шаруашылығы «Зеренда»  ЖШС  I.II.III дәрежелі дипломдармен сыйланды.
Киіз турылықты қазаққа кескін келбеті, әсіресе ет тағамдарын тұтынуда қазаққа ұқсас халықтардың бірі монғол жұрты. Осыны ескеріп монғолия құрамасының жеткшісі Батбаатар Рагчаабазар мырзаны сөзге тартық. Біздің екі үш сауалымызға төмендегідей жауап қатты.

  • Монғолдармен, қазақтар көшпенді және кигіз туырлықты, қойы қоралас, елі аралас тату тәті өмір сүрген халықтар. Қәзірде Монғолияда екі жүз мыңдай қазақ өмір сүріп жатыр. Біз астанамыз Ұланбатырда. Бурабайға дейін 5000 мыңдай шақырымды машинамен жүріп жеттік. Осыған қарап, осы фестивалдың маңыздылығымен, ерекшелігін бағалай беріңіздер. Біз фестивалға қатсықан шығынды өз қаржымызбен өтейміз. Мемлекеттен қолдау бар. Қаржылай көмек жоқ. Бізге қарағанда Қазақстанда жалпы қандай бір сайысқа қатысушылар ды, соның ішінде  кәсіпкерлерді қолдау ерекшеме, деп түсіндім. Ұйымдастыру жағы көңілге қонарлық.  Бір айтарым, мұнда барлық адамдар орысша сөйлейді екен. Біз қазақ елінде болатын іс шарада қазақ тілінде жүріледі, қазақша білетін адам керек деп, әдейі қазақ аспаз ертіп келгемді. Бірақ, қазақ тілі керек болмай қалды. Біздің құрама мүшелерінің бәрі ағылшынша сөйлейді. Орысшаға шорқақпыз. Келесі келгенде ескермесем. Ас, тағам  дайындауда қазақстан аспаздары біраз жетістікке жеткен екен. Басқа елдерден келген аспаздармен бұрыннан таныспыз. Бірнеше сайысқа кейбірімен бірге қатысқанбыз. Біз сайыста онша жетістікке жете алмадық. Бірақ өкінбейміз. Бұл бізге сабақ, тәжірибе. Келесіде нақты дайындықпен келуді ойлап тұрмын дейді, монғолия аспаздар одағының өкілі.

Аспаздар жасаған тамақтан арнайы ұсынбасада журналистік қызығушы лығымыз артып дәмін тартып көрдік. Маманның аты маман, кәсіптің жөні бөлек. Дәмі тіл үйреді екен. Па, шіркін түристерміз көбейіп мынандай дәмді тамақтан жегенде арманда, жемегенде арманда болатын кезге жетсек деген үмітт оты көңілде алаулайды.  Сонымен, сайыста бітіп, әділқазылар үздіктерді анықтады.

Халықаралық «Nomad Food» көшпенділер тағамдары сайысының жеңімпаздары болып төмендегі  құрамалар анықталды. Онда : 1- орын Қазақстан . 2-  орын  Румыния . 3-  орын  Өзбекстан.  Барлық қатысушыларға  халықаралық аспаздар фестиваліне қатысқанын растайтын арнайы сертификат, бағалы сыйлық табыс етілді.

Түйін: Фестивал алғаш рет өткізіліп жатқанын ескерсек, ұйымдастыру жағы қанағаттанарлық жағдайда өтті. Келесіде ескеретін кейбір жайларды айта кеткен жөн деп, білдік. Фестивалдың арнайы бағдарламасы  барма жоқпа, баспа сөз баяны журналистерге таратылмады. Сайыс  алаңында қай елдің кімі, қай құрамасы қандай тағам әзірлеп жатқаны белгісіз. Арнайы таныстыру , ас мәзірі, белгі жоқ. Тағамның дәмін тек әділ қазылар ғана тексеріп, дәмін татты. Көрермендерден, сол ұлттық тағамды тұтынатын ұлт өкілінен пікір алса артық болмас еді. Ең маңыздысы мемлекеттік  тіліміздің мәртебесін осындай жиын, фестивалдарда асқақтату керек. Бұл жайлы Монғолия өкілінің сөзін жоғарыда келтірдік. Іс шараның ресми сайыстары орыс, ағылшынша жүріле берсін. Бірақ, жанама атқарылатын шаралар, концерт, лотерия ойындары қазақ тіліне ден қою керек. Бурабайды әлемге танытуда, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін, қазақтың сал дәстүрінде, әлемге паш етуді алға ұстауымыз керек.

 

Туризмді дамыту үшін, оның тілін, тетігін білетін маман қажет.

Иә, әр кәсіптің тілін, тетігін білетін маман болмай, іс алға жүрмейді. Осы орайда, Ақмолалықтар бұл тығырықтан шығу жолын қарастырып, Көкшетауда елімізде алғашқы болып Сервис және туризм академиясын ашты. Жаңа академия аймақтық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен ашылған. Бұл жөнінде : — Атамекен» ҰКП, Ақмола облыстық әкімдігі мен «Сервис және туризм академиясы» ЖШС араларында галстуксыз, бейресми кездесу барысында меморандумға қол қойылғаны жайлы  Ақмола облысы әкімінің туризм, индустрияландыру, кәсіпкерлік және инвестициялар мәселелері бойынша орынбасары Марат Иғали Фейсбук парақшасында жазады.

Акедемия  туризм бойынша қызметкерлерді кешенді түрде дайындау, оларды клиенттік сервис пен қызмет көрсету мәдениетіне оқытады. Сонымен қатар, мейрамхана бизнесі өкілдерін бизнесін жетілдіру, жүргізуге көмектесу, автоматтандыру сияқты оқыту бағдарламалары қамтылған. Оқу шығынының елу пайызын  Еуразиялық қайта құру және даму банкі жауаптанады.  Түркияның «Анталия консалтинг» рекрутинг компаниясының басшылығымен 2019 жылы Түркияның бесжұлдызды қонақ үйлерінде ақмолалық студенттердің туризм саласы бойынша  тәжірибе жинақтауға келісім жасалғаны жайлы, облыс әкімінің орынбасары  М.Иғали парақшасында атапты.

                      Дайындаған Дахан Шөкшир