Павлодар облысында «Саламатты Қазақстан» пойызы бір аптада екі мыңға жуық адамды қабылдады
Павлодар облысында «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы тұрғындарға көмек көрсетуін жалғастырып жатыр. Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.
— Пойыздардың станцияда аялдаған сәтінде өтініш білдірген халыққа медициналық қызмет көрсету тегін жүргізіледі, — деді баспасөз қызметінде. — Ауыл тұрғындарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне енбейтін стоматологиялық көмек те көрсетіледі.
Жылжымалы емхана барлық қажетті диагностикалық аппаратурамен жабдықталған және жоғары білікті 21 дәрігер қызмет етеді. Медициналық ұжымның ішінде біліктілік санаты бірінші деңгейден төмен емес дәрігерлер және орта медициналық қызметкерлер бар. «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Ақсу ауылдық аймағының Қалқаман темір жол стансасында 284 адамды қабылдады. Олардың ішінде 34 бала да тексеруден өтті.
Ал, жалпы, «Саламатты Қазақстан» пойызы облыс шекарасынан өткен мерзімнен, яғни, 24 қыркүйектен бастап аймақ бойынша барлығы 1192 адам тексерілді. Оның 172-сі бала.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының Павлодар облысы бойынша кестесі:
Әлихан Рахметоллаұлы