Павлодарлық оқушылардың арасында инновациялық идеялар конкурсы өтті

 

Павлодар қаласында дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Конкурскқа аймағымыздың атынан 41 оқушы қатысты.

Конкурс тоғыз номинация: автокөлік, су көлігі, авиация модельдері, құрылыс, өндіріс, әскери, ауыл шаруашылық, ғарыш және аэроғарыш саласындағы техникалық құрастыру, жылу және электр энергетикасы бойынша өткізілді.

Конкурстың әр түрлі бағыттарында Павлодар облысының атынан сайчқа түскен келесі оқушылар жеңімпаз бен жүлдегер атанды.

«Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы жобалар» номинациясы бойынша  облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Шакрат Мирас ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. «Өндіріс саласындағы жобалар» номинациясында  дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 9 сынып оқушысы Искаков Баязет І дәрежелі, облыс орталығындағы №19 ЖОББМ-нің оқушысы Қуандық Абдирахман ІІ дәрежелі дипломмен,  Екібастұз қаласындағы техникалық шығармашылық мектебінің 11 сынып оқушысы Исмаил Кәрім ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Ауыл шаруашылық техника мен жабдықтар саласындағы жобалар»  Ертіс ауданы №4 ЖОББМ-нің 8 сынып оқушысы Пятак Роман І дәрежелі дипломмен,  Екібастұз қ. «Зерде» мамандандырылған мектебінің 10 сынып оқушысы Байгожин Темирлан мен дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Уралова Дания ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

«Әскери техника саласындағы жобалар» номинациясы бойынша  Павлодар қаласындағы балалар техникалық мектебінің 5 сынып оқушысы Красильников Богдан І дәрежелі,  «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Жақсылық Нұршат ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

«Су көлігі саласындағы жобалар» номинациясы бойынша  облыстық М. Катаев ат. оқушылар сарайының 9 сынып оқушысы Елтай Елнур ІІ дәрежелі,  Павлодар қ. балалар техникалық мектебінің оқушысы Унрау Артем  ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болды.

«Құрылыс саласындағы жобалар» номианциясында дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы Айтқожа Әлия бірінші орынға, , ІІ дәрежелі диплом – Екібастұз қ. техникалық шығармашылық мектебінің 7, 10 сынып оқушыларыҚұдайбергенов Мұхаммед пен Абай Жұлдыз екінші орынға ие болды.

«Жылу, электр, баламалы энергетика саласындағы жобалар» номинациясы бойынша «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушысы Мұхаметжан Аружан І дәрежелі,  дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 7, 9 сынып оқушылары Жұмабеков Рахат пен Жанғазинова Жаслин ІІ дәрежелі, дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 7 сынып оқушысы Қабиев Алтынбек ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

«Авиация саласындағы жобалар» номинациясында  Павлодар қаласының балалар техникалық мектебінің оқушысы Унрау Артем ІІ дәрежелі дипломмен,  «Космонавтика және аэроғарыш техника саласындағы жобалар» номинациясы бойынша  «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 7, 11 сынып оқушылары Құсайын Әлихан мен Қаирден Әділ ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Облыстық кезеңінің жеңімпаздары қараша айында Өскемен қаласында өтетін республикалық байқауға қатысуға жолдама аалды.

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы