Бурабайда құсшылар кеңес құрып, Бұландыда құс еті кәуабы рекорд жаңартты

Ақмолада өткен аптада елеулі жаңалықтар болды. Қазақстанның құс өсірушілер одағы мен Еуразия құс өсірушілер ассоциациясының бірлескен форумы Бурабайда өтіп, құсшылар келелі кеңес құрды. Сонымен қатар, Бұландыда жоғары қуатты құс фабрикасының ашылуы болып, құс етінен кәуап жасалып, Гиннестің рекордын жаңалады. Бұл жобалардың іске асуы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар Бурабай курортты аймағына туристерді көптеп тартуда дәмді ас мәзірі талғам талаптарынан шығуға зор мүмкіндік туғызатынын атап өткен жөн.

 

Бурабайдағы құсшылардың жиыны

Қазақстан құс өсірушілерінің VІІ Ха-лықаралық форумы алғаш рет Еуразиялық құс өсірушілер ассоциациясымен бірігіп І рет форум өткізді. Бурабайдағы «Rixos» отелінде болған форумға Германия, Израиль, Нидерланды, Польша, Испания, Бельгия, Қытай және ЕАЭО мен ТМД елдерінен өкілдер қатысты. Бұл шара Бұланды ауданы Макинск қаласында пайдаға берілген, Қазақстанда емес, орталық Азиядағы ең ірі, жылына 50 мың тонна ет өндіру қуатты құс фабрикасының құрметіне орайластырылды.
Алқалы жиынға елімізден, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ақмола облысы Бурабай ауданыны, «ҚазАгро» және «Бәйтерек» ұлттық холдингтік компаниялардың лауазымды тұлғалары қатысты.
Жиынды Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті Р. Шәріпов, Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин, «Aitas-RZ» акционерлік қоғамының бас директоры С.Толықпаевтар қатысушыларды құттық-тап, ашты.
Облыс әкімі М.Мырзалин өңір құс өсірушілердің жұмысына Астана нарығы үлкен мүмкіндік туғызып отырғанын атады.
Форумның пленарлық сессиясында баяндамалар жасалып, әлемдік кеңістіктегі құс өсіру индустриясы және оның өзекті мәселелері жайлы пікірлерімен бөлісті.
Отандық спикерлердің айтуынша, Қазақстандағы 55 кәсіпорынның 30 жұмыртқа, 17 құс етін өндіру, 8 асыл тұқымды құс шаруашылығы өркендетуде тиімді жұмыстауда. Еліміздің құс өсірушілер одағы мемлекеттің қолдау аясында «Құс өсірудің 2018-2027 жылдарға арналған салалық бағдарламасын» дайындаған. Бұл бағдарламалық құжат құс етін өндіру көлемін 500 мың тоннаға, жұмыртқа алуды 7 миллиард данаға жеткізуді көздейді.

Азияда алғашқы ірі құс фабрикасы пайдаға берілді

Жылына 50 мың тонна құс етін өндіретін Орта Азияда ең ірі жобалардың бірі — Макин құс фабрикасының бірінші кезеңі пайдаға берілді.
Салтанаты іс шараға Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин қатысып, фабриканың лента қию рәсіміне куәгер болды. Бұл пайдаға асып тұрған фабриканың бірінші кезеңі, кәсіпорын толық қуатына кіргенге дейін жылына 25 мың тонна құс етін өндіретін болады. Бұл жабаның жалпы құны 45,6 млрд. тенге болса, алғашқысына 33,5 млрд.тенге жұмсалыпты. Қажет қаржының жартысынан астамын «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары — «Қазақстанның Даму банкі» АҚ және «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ берсе, қалғанын осы жобаның бастамашысы «Aitas KZ» АҚ салыпты.
Өңір басшысы кәсіпорынның ашылу салтанатында құс еті өнімдерін өндіруде Ақмола облысы елімізде екінші орында болса, Астананың жұмыртқаға сұранысын толық қамтамасыз етіп отыр. Макинскі құс фабрикасының іске қосылуы өңір ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, жетілдіруде лайықты серпін беретін ірі жоба болады. Облыс бюджетін толықтыруға зор үлес қосумен бірге, ауыл еңбеккерлеріне қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін, құтықтауында атап өтті.
Макинск құс фабрикасы Қазақстан тұрғындарын халал стандарт нормативтерін сақтай отырып, сапалы дайын өніммен қанымдап, Еуро стандарпен экологияға және сапа талаптарын орындауды қамтамасыз етеді.
Құс фабрикасының аумағында орналасатын барлық ғимараттардың жалпы көлемі 227 366,88 шаршы метрді құрайды. Құс фабрикасының жер көлемі Бұланды ауданының орталығы Макин қ

аласының солтүстік батысында 30 шақырымдай жерге созылып орналасқан. Аталған жоба Астана қаласы айналасында азық-түлік белдеуін қанымдап қоймай Бурабай курортты аймағына келетін шетелдік туристердің ас мәзірін, талғамын құс етімен қанымдауда зор мүмкіндік берері сөзсіз.

Қазақы кәуәп әлем рекордын жаңалады

Фабриканың ашылу рәсімінен кейін Макин қаласының орталық көшесінде кәуап пісіруден әлемдік рекорды жаңалау рәсімі басталды. Арнайы киім үлгісін киген кәуапшылар халықаралық ұйымның өкілі, маманды аспаздардың бақылауында ұзын-нан ұзын созылған кәуапты шыжғыруды жиналған жұрт алдында, көмірді қыздырып алып, маздаған от үстінде қақтады. Арнайы жетекшінің пәрменімен 220 метрден астам кәуапты 300 адам белгілі уақытпен аударыстыра отырып, кәуапты қақтап шықты. Кәуапты піскен соң Гиннестің арнайы өкілі Паулина Сапинскаяның бақылауында өлшенді. Өлшем 223 метр 65 сантиметрді көрсетті. Әлемдік рекорд жаңаланды. Естеріңізге салсам, кәуап жасаудан алғашқы рекорд Сингапурда 2007 жылы 140 метр, екіншісі Ресейде 170 метрге жаңаланған болатын. Кәуап дайындауға 400 кг тауық еті жұмсалыпты. Осылайша Макинск құс етін өндіру фабрикасының ашылу салтанаты әлем және ел тарихында өшпестей із қалдырды.
Бұланды ауданында рекордтың жаңала-нуы әлемге аян болды. Бұл жаңалық Бұландыға іргелес, табиғаты ұқсас Бурабай курортты аймағының да аты қоса аталуға мүмкіндік туғызады.

Дайындаған — Дахан Шөкшир