Күндізгі ұйқының қаупі
Күндізгі ұйқының адам денсаулығына кері әсері бар. Бұл туралы америкалық ғалым, Калифорния университетінің профессоры Мэттью Уолкер Business Insider журналына берген сұхбатында мәлімдеген.
Профессор Мэттью Уолкер күндізгі ұйқы адам миы мен ағзасына жақсы әсер ететінін растады. Алайда, адам күндіз ұйықтаймын деп ұйқышылдыққа бой алдыруы мүмкін. Күндіз 40-50 минуттан астам уақыт қалғып алған адамның ұйқысы бұзылып, түнде тез ұйықтауы қиындайды және ұйқысы мүлдем қанбауы мүмкін.
Сондай-ақ, Уолкер түнде қанбаған ұйқыны күндіз ұйықтап қандыра мүмкін еместігін атап кетті. «Ұйқы банк емес қой. Банк секілді қарызды алып, кейін оны қайтарамын дегенмен сәйкес келмейді. Сондықтан, ұйқы кезінде «барлығы немесе ештеңе жоқ» деген принцип жүреді. Ұйқыны бір апта бойы қысқартып жүріп, кейін демалыс күні қандырып аламын деген болмайды» дейді ғалым.
kazislam.kz