«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған облыстық актив жиналысы өтті. «Баласағұн» орталық концерт залында өткен алқалы жиында облыс әкімі Асқар Мырзахметов баяндама жасап, басты құжат аясында өңір аумағында атқарылатын жоспарлы жұмыстар туралы xабарлады.
Асқар Исабекұлы қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Жолдаудың маңыздылығын атап өтіп, ондағы халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат, тиімді сыртқы саясат және әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы секілді алты басымдыққа жекелей тоқталды.
Өңір басшысы Елбасы Жолдауындағы міндеттер мен талаптарды жұмыла орындауға барша жамбылдықтарды шақырып, ел дамуына елеулі үлес қосу әрбір қазақстандықтардың мерейлі міндеті екенін баса айтты.
Жиын барысындағы жарыс сөз кезегінде облысымыздағы әр сала өкілдері сөз алып, Жолдаудағы игі мақсаттарды зор ықылас пен қабылдағандарын жеткізіп, өздерінің орамды ой-пікірлерін ортаға салды.

Баспасөз_қызметі