«Түркі дүниесі»

Талантты журналист Амангелді Құрметұлы жүргізетін «Түркі дүниесі» айдары өзіме қатты ұнайды. Әр апта сайын бауырлас түркі текстес ағайындарымызда қандай жаңалықтар болып жатқандығын Аужекең бәрімізге хабардар етіп отырады. Орта Азиядағы бауырларымыздан өзге Ресей құрамындағы құмық, татар, башқұрт, ноғай және т.б. түбіміз бір түркі тектес ағайындарымызды түгендейді де жатады. Енді міне, Еуропаның өзі ЕуроОдаққа кіргізуге жүрексініп отырған түрік бауырларымыздағы басты жаңалықпен бөлісіпті.
Шынымды айтсам, түркі әлемінде болып жатқан жаңалықтарға қазағым қашанда зәру. Тәуелсіздік алғанымызға 22 жыл толса да әлемде болып жатқан жаңалықтарға Мәскеудің көзімен қарауды қоймай келеміз. Мұның басты себебі қазақ тілді журналистердің орыс тілінен басқа шет тілін білеуінен дер едім. Егер ағылшын, түрік, неміс, қытай және басқада тілдерді меңгергенде әлемде болып жатқан оқиғаларды батыс баспасөзімен салыстыра отырып жазар ма еді. Кім біледі?…
(Ал әзірге мынаны оқи отырыңыздар. Артықтық етпес))
ЕРДОҒАННЫҢ «ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ ПАКЕТІ»
«…күллі түркі жұртына тікелей қатысы бар бір мәселе де осы «пакеттен» шықты. Ол – түрік әліпбиін қолдану кезінде латынша x,w,q әріптерін пайдалануға рұқсат етілуі. Яғни, сөз арасында бұл әріптер қолданылса, ол қате болын саналмайды енді. Сөйтіп, қазіргі түрік әліпбиі 29+3 әріп болайын деп тұр. Дегенмен, 1928 жылы қабылданған түрік әліпбиі әзірге өзгере қоймайды. Бірақ, сөз басында айтқан латынның 3 әрпін қолдануға рұқсат беріледі. Құжаттарда бұл әріптерді қолдануға болады деген сөз. Әрине, мұны күрдтер қуана қабылдары сөзсіз. Өйткені, күрдтер қолданып жүрген латынша әліпбиде бұл әріптер бар. Түріктерде жоқ. Ал, бұл өз кезегінде түрік ұлтшылдарының Ердоған үкіметіне қарсы шығуына тағы бір сылтау болатыны белгілі. Қазірдің өзінде «Ердоған күрдтердің ыңғайына жығылды» деп жүргендер аз емес.»

  Берік Сұлтан.