Бәрекелді…! Лицейіміз 123 медальді қанжығасына байлап, Әлемдік деңгейге жолдама алды
11-12 мамыр аралығында Алматы қаласында ағылшын тілінде өткен Халықаралық дебат сайысына Қарағанды қаласының «№ 2 Қазақ-түрік лицей-интернаты» КММ-нің 4 командасынан 12 оқушы жетекшілері ағылшын тілі пәні мұғалімі Уайс Бағжан Келдібайқызының жетекшілігімен қатысты.
Бұл дебат сайысының мақсаты – оқушылардың ойын жетілдіріп, көпшілікке жеткізе білу. Сайыста тек қана дебат жүргізу емес, сонымен қатар эссе жазу және өз білімдерінің деңгейін тестілік тапсырмалар мен ойындар арқылы дәлелдеу де маңызды болды. Тапсырмалар 6 секция бойынша бөлінді: өнер, әдебиет, ғылыми бағыт, саясат, жалпы тарих бойынша. Лицейіміздің 4 командасы:
1.Senior: Құрманғалиева Ақбота, Омарғалиева Айжан, Жалелова Рината.
2.Junior1: Қадырова Адина, Есенғали Тоқжан, Тілеубекова Дильназ.
- Junior2: Ермекова Еркеназ, Болат Ақнұр, Алтаева Аружан.
- Junior3: Бекбаева Зарина, Шырынхан Аяулым, Исабекова Амина, жалпы ұпай санынан алғашқы бестікке кіріп, әр секциядан да медаль мен мақтау қағаздарына ие болды. Дебат сайысынан командалар 2,3,4-орын, командалық эссе жазу байқауынан 1,3,5-орындарға, тест тапсырмаларынан 2, 3- орындарға ие болды. Байқау кезінде оқушылар Галакси халықаралық мектебі, Алматы халықаралық мектебі, Қазақстан және Қырғызстанның алдыңғы қатардағы мектептерімен сайысқа түсіп, командалық 1- орынға ие болып , 123 медаль және 13 кубок иеленіп, Әлемдік деңгейге жолдама алды.
«№ 2 Қазақ-түрік лицей-интернаты» КММ-нің
директордың бейіндік оқыту жөніндегі
орынбасары С.Б.Едилбаева