ТӘРБИЕНІҢ ТӨРТ ТІРЕГІ

Пайғамбарымыз баланы қалай тәрбиелеген? Бірде Мәдиналық бір кісі бақшасында өсіп тұрған құрмасына тас лақтырған баланы сүйреп отырып Пайғамбарымызға әкелді. Бала-жас та болса Ислам дінін қабылдаған Рафиғ ибн Амр еді. Келген кісі қатты кейіген секілді. Қабағы қатулы. Пайғамбарымыз болса,сол сабырлы қалпын сақтады. «Балапаным,құрма ағашына неге тас лақтырдың?»,–деп сұрады. Бала:«Қарным қатты ашты. Құрма жегім келді»,-дегеннен артық сөз айтпады. Әз Пайғамбар(с.а.у.) балаға:«Жерге түскенін жесең же, бірақ ендігәрі құрмаларға тас лақтырма,жарай ма?»,-деді. Сосын баланың басынан сипап,оған былай деп дұға жасады:«Уа, Алла Тағалам! Бұл баланың қарнын тойдыра гөр!» Ал енді осы оқиғаға психологиялық талдау жасай отырып,астарындағы педагогикалық тәлім-тәрбие негіздерін ұғуға тырысайық. Біріншіден,алдына ашумен алып келген балаға,оның кінәлі екенін біле тұра неге Пайғамбарымыз салған жерден ұрыспады? Өйткені,балаға ұрысқаннан гөрі оған жақсы көретініңді білдіру аса маңызды. Психология ғылымында дәлелденген осы бір әрекетке тоқталып өтейік. Балаға мейірімділік таныту мен сүйіспеншілігіңді көрсету Тәрбие берудің негізгі мәйегі – мейірім мен сүйіспеншілікте. Әсіресе,кішкене балалар үшін мейірім мен сүйіспеншіліктің орны ерекше. Бұл махаббатқа олар қашанда шөлдеп тұрады. Олар тек сүйіспеншілікпен ғана өсіп-жетіледі десек артық айтқандық емес. Бала кімнен мейірім көрсе, сол адамды ерекше жақсы көреді. Әрдайым соны іздеп тұрады. Оны ренжітпей, мейірімі мен сүйіспеншілігінен ажырап қалмау үшін оның айтқандарын орындауға тырысады. Өзі жақсы көрген кісіге еліктегіш келеді. Ендеше,сүйіспеншілік-бала тәрбиесіндегі негізгі қағида. Пайғамбарымыз барлық адамзаттан сүйіспеншілігін аямаған. Жан жүрегімен жақсы көріп, әрқайсысына жеке-жеке көңіл бөлетіндіктен,әр сахаба өзін «Пайғамбардың ең жақсы көретін адамы мен шығармын»деген ойға қалатын. Алайда,Алла Елшісінің балаларға деген мейірімі тіптен ерекше еді. Жоғарыдағы«Рафиғ ибн Амр оқиғасы»-осының нақты дәлелі. Дедектетіп Пайғамбарымызға әкеле жатқанда бұл бала қандай үрейді бастан кешті десеңізші?!«Қап,маған енді не істер екен? Не деп ұрсып,қалай жазалар екен» деп қатты қорқып келген балаға пайғамбарымыз «балапаным!» деген жалғыз-ақ ауыз сүйіспеншілікке толы жылы сөзін арнады. Сол жылы сөзімен қарсы алып, басынан сипап, мейірлене қарады. Баланың қатесін түзетіп, дұрысын үйретуде жазалау тәсілінің ерекше орнының бар екенін жоққа шығармаймыз. Бірақ жазалаудан бұрын қателерді түзетуде ең әуелі мейірім мен насихаттың әсері мол екенін ескергеніміз жөн. Себебі, балалар көбіне жасаған қателіктерінің парқына бара бермейді. Мұндай жағдайда балаларға ұрсып-зекудің пайдасынан зияны басым болуы кәдік. Үлкендердің баланың басынан сипауы, маңдайынан сүйіп, иіскеуі яки құшақтап арқасынан қағуы, көтеріп құшағында тербетуі – бәрі-бәрі балаға оң әсерін тигізеді. Бала үлкеннің бұл ілтипатынан өзін жақсы көретіндігіне сенеді әрі сол кісіге деген құрметі де артады. Құшақтап, басын сипаған кісіні өзінің қорғаушысы деп біледі. Зерттеушілер құшаққа алынып, құштарлана сүйілмеген, басынан сипалып, маңдайынан иіскелмеген балалардың кейбір психологиялық ауруларға ұшырайтынын дәлелдеуде. Ата-ана яки кез келген педагог үшін балаға көп ұрсып, оған ұзақ ақыл айтқаннан гөрі оның басынан сипап, мейірім көрсетіп, арқасынан қағуы әлдеқайда әсерлі. Бұның астарында құрғақ сөздермен жеткізуге келмейтін небір сезімдер бар. Жоғарыда келтірілген оқиғада «қате іс-әрекет үстінде ұсталып, енді не істер екен» деген үреймен келген балаға пайғамбарымыз ең алдымен «балапаным!» деген жылы сөзін арнаған. Қорқып келген балаға жылы сөз ғана айтып қоймай, «қорықпа, мен сені қорғаймын» дегендей басынан сипауы, әрине, бала жүрегіндегі қорқыныштың орнына қуаныш сыйлады. Өзіне жанашыр жан тауып, оның қасында өзін сенімді сезінген бала ойындағысын бүкпесіз айтты. Балаға құлақ асу Баланы әуелі тыңдай білу керек. Сөйлеген бала өзінің ішкі дүниесін ашып береді. Әр нәрсені дұрыс түсінуге бала ақылы жете бермейді. Сол себепті баланың не ойлап тұрғанын білу қажет. Біз көбіне баланы қателікке ұрындырған себептерді іздемейміз. Дереу өзіне ұрса жөнелеміз. Жоғарыдағы Рафиғ ибн Амр оқиғасында пайғамбарымыз оған дереу дүрсе қоя берген жоқ, «Әй, оңбаған! Біреудің бақшасында нең бар?! Енді тас лақтырады екенсің көресеңді көрсетем, қолыңды тура шабам!» деп ұрысқан жоқ. «Неліктен тас лақтырдың?» деп, онымен тілдесті. Бала себебін айтты. Қарны ашқаны, құрма жегісі келгендігі анықталды. Аш баланың мұндай әрекетке баруы табиғи жағдай екені сөзсіз. Не істесе де дереу жазалауға жүгірмей, алдымен баланы сөйлетіп, тыңдай білу қажет. Балалар балалықпен қате жасайды. Ал үлкендер болса, олардан үлкен кісінің істейтін ісін күтеді. Қате жасаса дереу ұрсып, жазғыра жөнеледі. Көбіне балаларын тыңдауды қажеттілік деп те ойламайды. Бала болса, өз ісінің қателігін түсінбегендіктен ата-анасының яки үлкендердің не үшін ұрысқанын, яки жазалағанын түсінбей дал болады. Сөйтіп, үлкендер маған жамандық жасады яки ата-анам

 Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ