Павлодарда 400-ден астам оқушы шет елдік оқытушылармен кездесті
Облыс орталығындағы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінде 7-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Culture dialogue» диалог алаңы өтті. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы мәлім етті.
— Диалог алаңының көздеген мақсаты — негізгі ұлттық құндылықтарды қабылдау, халықтардың мәдениетіне ерекше көзқарас қалыптастыру, рухани даму қабілеттерін қалыптастыру. Жиын оқушыларға басқа халықтардың мәдениетіне, салт-дәстүріне деген қызығушылықтарын арттыруға көмектеседі. Олардың ойлау қабілеттерін, қырағылығын арттырады, — деді басқарма мамандары.
Жиынға құрметті қонақтар ретінде Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының сыртқы қатынас жөніндегі орынбасары Достан Сегізбаев және мектептің Колумбиядан, Филиппиннен, ОАР-дан, Кениядан, Ұлыбританиядан, Австралиядан келген шетелдік оқытушылары шақырылды.
Қазіргі таңда дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінде тілдерді оқыту үдерісі жақсы деңгейде ұйымдастырылған. Ағылшын тілі арқылы коммуникациялық қабілетін арттырады. № 8 лицей оқушыларының халықаралық бағдарламалар мен жобаларында белсенді қатысуы үшін оқушыларға жоғары талаптар қойылып, шет тілдерін үйрену құзырлығы деңгейіне ерекше көңіл бөлінеді. Үштіліділік білім беру саясатына көшу аясында «Физика», «Химия», «Биология» және «Информатика» пәндерін оқытуда кәсіби және іскерлік тілді үйренуде белсенді әдістер қолданылады.
Әлихан Рахметоллаұлы