«Астана – бейбітшілік бесігі» ашық диктанты өтті
Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және Атырау облысы әкім аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Мың бала» республикалық мәдени – ағарту жобасы аясында Астананың 20 жылдығына орай Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми – әмбебап кітапханасында «Астана – бейбітшілік бесігі» атты ашық диктант өтті. Мақсаты – мемлекеттік тілге деген қызығушылықты арттырып, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.
Ғ.Сланов атындағы ғылыми – әмбебап кітапханасында өткен диктантқа 100 – ден астам оқушылар мен студенттер қатысты.
Атырау облысы бойынша Жалпықазақстандық ашық диктантқа әр түрлі ұлт өкілдері, жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері, мектеп оқушылары мен мемлекеттік қызметкерлер барлығы 5000 – нан астам адам қатысты. Сонымен қатар, ашық диктант Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік Университетінде, Атырау мұнай және газ университетінде, Атырау инженерлік – гуманитарлық институтында және колледждерде өтті.
Атырау облысы әкімі аппаратының
Қоғамдық келісім КММ
баспасөз қызметі