«Қарттар үйіндегі» шуақты сәт
Атырау қаласында қарттарға қамқорлық әрдайым жасалып отырады. «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында», «Жылылық сыйла» қайырымдылық акциясы өтті. Қайырымдылық акциясын «Светоч» славян этно-мәдени бірлестігі ұйымдастырды.
Бүгінгі таңда «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 103 адам тұрып жатыр. Олардың 71 қария аталар болса, 32 кейуана әжелер.
Қайырымдылық акциясы концерттік бағдарламамен басталды. Ән айтылып, би биленді. Қарттардың көңіл-күйі көтеріліп, риза боп қалды . «Светоч» славян этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Раиса Биткова жылы сөздерін айтып, өз тілегін білдірді. Концерттік бағдарламаның соңында қарттарға сыйлықтар таратылды. Мекеме қызметкерлері мен мамандар да ризашылықтарын сөзбен жеткізді, акция ұйымдастырушыларына алғыстарын айтты.
Қариясы бар үй – қашанда шуаққа толы ғой. Асыл қарттарымыз аман болсыншы!
Атырау облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі