ПАВЛОДАРДА «АРКОБАЛЕНО» СТУДЕНТТІК ТЕАТРДЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ БОЛДЫ
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Аркобалено» студенттік театрының маусымы «Рабские цепи» спектаклінің премьерасымен басталды.
Студенттік труппаның негізгі құрамында 27 өнерпаз бар. Жаңадан сахналанған қойылымға 17 әртіс және музыкалық сүйемелдеу, жарық көрсету жөніндегі мамандар қатысты.
Премьераның қоюшы-режиссері – университеттің гуманитарлық-педагогикалық факультетінің екінші курс студенті Диана Әбуғалиева. Жас шығармашылық ұжым алғашқы қойылымның өзін аса күрделі жанрлардың бірі психологиялық драмадан бастағанды жөн санапты.
— Бұл — жаңа форматта құрылған театр. Сондықтан, көрермендер алдына бірден тың туындмен шығуды жөн санадық. Әлі де осындай ерекше және күрделі тақырыптарды сахналаймыз. Біздің спектакль – адам баласының жеке өмір ережелерін бағалауға талпынудың дәлелі, — дейді Диана.