Өңірімізде индустриалды аймақ құру арқылы инвестициялар тартуға көптеген мүмкіндіктер қарастырылуда
Өңірімізде индустриалды аймақ құру арқылы инвестициялар тартуға көптеген мүмкіндіктер қарастырылуда. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Асқар Мырзаxметовтың қатысуымен өткен жиында айтылып, ол бойынша атқарылатын жоспарлы жұмыстар жан-жақты талқыланды.
Басқосу барысында бірқатар инвестициялық жобалар қаралып, оларды жүзеге асыруда кездесіп отырған кедергілер мен түйінді түйіткілдер төңірегінде түрлі ой-пікірлер ортаға салынды.
Сондай-ақ жиында бос тұрған ғимараттарды өндірістік мақсатта пайдалану және агроиндустриалды аймақ құруға қызығушылық танытқан кәсіпкерлердің жоспар-жобалары сараланды.
Асқар Исабекұлы күн тәртібіндегі мәселе бойынша тиісті басшыларға нақты тапсырмалар жүктеп, жұмысты сылбырлыққа салмай уақытылы әрі мұқият атқару керектігін ескертті.
Біржан Сөктай