Елбасының жолдауы насихатталып, Бурабайды дамыту шаралары қарастырылды

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқа-тының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау тобы Ақмола облысының бірнеше аудандарында болды. Насихат тобымен облыс әкімі М. Мырзалин бірге болып, насихаттау жиындарға қатысып, ресми қонақтарды елдің тыныс тіршілігмен таныстырды.
Насихатшы топ, Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері Ақкөл, Бұланды, Бурабай ауданы тұрғындармен кезігіп, жиын өткізді. Жиында топ жетекшісі Сенат жанындағы әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің комитет төрайымы Б.Әйтімова және басқа депутатардың келелі кеңесіне қысқаша тоқталсақ.

BERIK

— Біз астаналық облыста кеңейтілген екі көшпелі мәжіліс өткіземіз. Кездесу тақырыбы әртүрлі болғанымен мазмұндық негізі бір. Бұл — Елбасының
ҚР Конституциясының 44 бабына сай жыл сайынғы Жолдауының мазмұнын халыққа жеткізіп, баршамыз орындауға мүдделі міндеттердің маңызын терең түсіну. Ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздік халқымыздың рухын асқақтатты. Елбасы сөзімен айтқанда «Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық». Ол оңай келе қойған жоқ. Ішкі экономиканы қуаттандырып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қалыптастырдық. «Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткізген» сіздерсіздер. Жолдауда: «Біздің стратегиялық мақсатымыз — 2050 жылға қарай әлемдегі озық 30 елдің қатарына қосылу» деген, мақса жай айтылған жоқ. Бұған біз жетеміз. Қуатты мемлекеттің қаһарман халқы болуы керек. Елбасының Жолдауы осы ұлық сөзді айқындайды.
Елге 300 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі инвестиция тартылуда. Бұл мемлекетіміздің халықаралық аренада абыройының артуы. Бұл әлем мойындағаының белгісі. Жас мемлекетіміз алға қойған мақсаттарына кезең, кезеңмен жақындап келеді. Жолдау осы мақсаттарды көздейді және жетудің жолдарын көрсетеді. Жасаған істеріңді білгенмен, енді жасайтын жұмыстарды нақты айту қиын. Бірақ, мақсатпен алға басса, орындалудың жолыда ашық.


Жолдау бойынша, ең төменгі еңбекақының 1,5 есе өсетіндігін, білім беру мен денсаулық сақтау қызметінің сапасы артады. Осыған сай, баршамыздың міндетіміз, белсенділігіміз заман ағымына сай болуды талап етеді, дей келе Жолдаудың м ақсаты, мүдесі, халықтың ел өркеніне белсенді араласуы керектігі жөнінде біраз кеңестер айтты.
Көшпелі мәжілісте насихат тобының мүшелері, Елбасы Жолдауының маңыздылығына жан-жақты тоқталды. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің хатшысы Серік Бектұрғановтың 1,3млн. адамның ең төменгі жалақы алып келді. Енді олардың 600 мыңның әл ауқаты көтерілетінін жеткізді. Ең төменгі жалақыдан салық ұсталмайды. С.Бектұрғановтың айтуы бойынша ден саулықтың 10 пайызы ғ медицинаға, 90 пайызы өмір сүру жағдайына байланысты екен. Осы мақсатқа қол жеткізуді жолдау айқындап берді. Бұған халықтың жеке жауапкершілігі, ынтасы жоғары болуын ұмытпаған жөн, дегенді жұртқа жеткізді.
Сенаторлар Б.Жұмағұлов, М.Бақтиярұлы, Д.Нүкетаевалар жолдаудың басым бағыттарына тоқталып, көпшілікке тұщымды ойларын айтты. Сөз алушылар, қазір ел тұрғындарының 72,5 пайызының тұрмысы жақсарғанын айта келе «Ұстаз мәртебесі туралы» заңның қажеттілігі, жастар жылын жариялаудың мәні, агроөнеркәсіп және қайта өңдеу саласын қолдаудың, өмір сапасын арттырудағ мақсаттардың маңызын түсіндіруге бағыттады. Облыс әкімі М.Мырзалиннің қатысуымен Ақкөл ауданында №1 Ақкөл балалар үйінде, «Ақкөл деликатес» серіктестігі, «Мilk Land RZ» зауыты, Бұландыда Алтынды орта мектебі, жаңа ашылған «Макинск құс фабрикасы, аудан орталығындағы №4 мектеп —лицейі, Бурабайда «Авиценна-Бурабай» ауруханасы, Бурабай кетіндегі жаңа ашылған көрікті мешітті және туристік нысандарды аралап, жақсы лебіздер айтып, әсем Бурабайдың көркейе беретініне сенім артып, жақсы әсер алды.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік ел өркеніне
зор үлес

«Конфор» отелінде Комитет төрағасы Бірғаным Әйтімова бастаған депутаттық топ денсаулық сақтау және білім саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселесін талқылаған көшпелі жиын өткізіп, елдің мұң-мұқтажын тыңдап, игі істерге қанықты. Облыс әкімі М.Мырзалин әріптестік келісіммен «Авиценна-Бурабай» мекемесіне 2,3 млрд. теңге жұмсалса, Ерейментау, Жарқайың аудандарында жалпы саны 250 орындық бала бақшасы салынуда және Зеренді ауданындағы «Искорка» сауықтыру құрылысына 150 млн.теңгелік конкурстық құжаттар дайындалуда. Жалпы, білім саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 27 жоба қолға алынғанын депутатарға таныстырды. Сонымен қатар, әлеуметтік саланың өзге жайы да сөз болды. Атап айтсақ, елді мекендердің 11 пайызы ғана жедел жәрдем көмегімен қамтылған. Облыс көлемінде жалпы 151 кәсіби дәрігер және педагог жетіспейді екен. Олқылықтың орнын толтыру үшін облыс әкімі 150 студентке білім грантын тағайындапты.

Сенаторлар Бурабайды
дамыту мүмкіндіктерін талқылады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сена-тының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті Бурабайда екі күндік көшпелі мәжілісінің бірі жоғарыдағы болса, екіншісі шипажайлы аймақта туризмді дамыту жайында болды.
Бурабайдағы «Олимпиадалық дайындық Орталығында» Сенат комитеті ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрайымы Майнура Мырзамадиева мен «KAZAKH TOURISM» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаевтың туристік саланы дамыту туралы есептерін тыңдады. Баяндамаға байланысты, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды электронды нұсқамен таныстырып, сауалдарға жауап берді. Өңір басшысының таныстыруында:
— Елбасының тікелей қатысуымен 2017-2018 жылдары Бурабайда гольф клуб пен республикалық шаңғы базасы іске қосылды. Қазір Үлкен Шабақты өзенінің бойында «Ақбура» атты жаңа туристік база құруды жоспарлап отырмыз. Бурабайға келетін туристердің қатары артуда. Бүгінгі таңда Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның 3 кезеңі жүзеге асырылып, 61 миллиард теңге жұмсалуда. Өңірдік туризм кластеріне 700-ден астам кәсіпорын кіреді. «Облыс әкімдігі мен «McKinsey&Company» халықаралық консалтингтік компаниясы бірлесе отырып, Щучинск-Бурабай демалыс аймағын дамыту жоспары бойынша келісімге келдік. Аймақта туризмді дамытудың негізгі орындары — Бурабай кенті, Щучинск қаласы, Қотыркөл маңы болып табылады. Зеренді өңірі де туризмді дамыту картасындағы негізгі аймақ болады.
Өткен жылы Бурабай өлкесіне 1 миллионға жуық турист келді. Басым бөлігі өз еліміз бен Ресейден. Оларға 6 млрд. теңгенің қызметі көрсетілді, дей келе өңір басшысы атқарылған жұмыстармен, келешекте атқарылатын жұмыстарға қысқаша тоқталды.
«Қазақ туризм» ұлттық компаниясының басқарма басшысы Рәшид Күзембаевтың айтуынша:
— Еліміздің туризм саласын дамытуға 108 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылмақ. Осы арқылы 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады деп көзделуде. Жиынға келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары виза беру, жол бойы сервистерін дамыту және білікті мамандарды дайындауға баса назар аудару керектігі жайлы ұсыныс бар. Қазір Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның үшінші кезеңі жүзеге асырылуда. Бұл кезеңде негізінен инфрақұрылымды жақсартуға аса мән берілмек. Жеке инвестициялар тартылады. Курортты өлкенің табиғаты әсем, суы пайдалы. Сондықтан этно туризм мен эко туризмді дамытуды да қолға алу өте қажет.

Дахан Шөкшир