Қарттарым – асыл қазынам

 2018 жылдың 15 қазан күні «Қарттар үйінде», «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мүшелерінің  ұйымдастыруымен «Қарттарым – асыл қазынам» атты концерттік бағдарлама өтті.

Мақсаты: Тәрбиенің мәні қарттардың ақыл – өсиетінен бастау алатынын жас ұрпаққа насихаттау. Қарттардың  қадірін ұғынып, оларға құрмет көрсетіп, сыйлауды ұғындыру.

Дәстүрлі мерекеге айналып келе жатқан «Қарттар күнінде» мұңды көңілде отырған қариялардың көңіл- күйін бір серпілтіп, қуаныш сыйлайтын тамаша кеш болды.

Жасы үлкенге құрмет көрсетіп, белі бүгілген қарияға сүйеу болу – біздің ата – дәстүріміз. Ата – ананың сенімін ақтау, үлкенді қадірлеу  адамдық борышымыз. Осы бағытта ұйымдастырылған концерттік бағдарлама жоғары деңгейде өтті. Әуезді әнмен, ырғақты биді тамашалап, қариялардың жүзіне шат күлкі үйірілді. Шараның соңы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың:

Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етiп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар…
Неменеге жетiстiң, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бiрi мiнiп келместiң кемесiне,
Бiрi күтiп, әнеки, жағада тұр, — деген терең ойлы, жырымен аяқталды.

 

                                                                 Атырау облысы әкімі аппаратының

                                                                 «Қоғамдық келісім» КММ

                                                                 баспасөз қызметі