БҰҰ әлем халқының саны туралы дерек жариялады
Астана. 22 қазан. KAZISLAM – 2050 жылы жер бетіндегі халық саны 2,2 млрд адамға көбейеді. Бұл туралы БҰҰ халық саны саласындағы қоры жариялаған «2018 жылғы әлем халқы саны» баяндамасында мәлім болды.
Баяндамада өсу қарқыны африкалық құрлықпен байланысты екені жазылған. «Қазіргі уақытта туу көрсеткіші бойынша кемі 4 балалы бір әйел есебіндегі 43 елдің 38-і Африкада. Осыған байланысты Африка халқының әлемдегі үлесі 17%-нен 26%-ға көтеріледі» деп жазады ТАСС агенттігі.
Құжат авторлары дамыған елдерде туу көрсеткішінде өзгерістер жоқ екенін, тіптен туу көрсеткішінің әлеуметтік-экономикалық дамуы төмендейтінін атап кетті. Алайда билік тарапынан көп балалы болуды қалайтын отбасыларға қолдау көрсетуі керектегін, дегенмен, экономикалық мүмкіндіктердің шектелуі бұған қолбайлау болып отырғаны да бар. Еске салсақ, қыркүйек айының мәліметінше, әлемдегі халық саны 7 530 103 737
kazislam.kz