Батыс елдері радикалды мұсылман ағымдарын неге қолдайды?
Қазіргі мұсылман елдеріндегі схоластикалық догматизмге негізделген фаталист, нигилист діни түсінік барда оларға ешбір жаудың керегі де жоқ, түсінсең! Батыс елдері мен жебекеңдер қайта ең консервативті, ең радикалды мұсылман ағымдарын қолдайды, мұсылман елдеріндегі барлық әсіре діншіл, қатыгездік культін насихаттайтын ағымдардың, Діни-саяси ағымдардың артында солар тұр, солардың арнайы қызметтері тұр. Саудистанның так мұрагері былтыр ресми түрде мойындаған жоқ па, уаһһабилік ағымын 1970 жылдардан бастап Ақыштың тапсырысымен тараттық деп, оқымайсың ба?!? Хомейни «Ислами» революциясын жасауға 1979 жылы Тегеранға келгенде, Меккеден келген жоқ, Парижден француз арнайы қызметінің агенттерімен бірге Франция мемлекеті берген ұшақпен келген! Мұсылман елдеріндегі ең радикалды, ең зиянды діни ағымдардың штаб-пәтерлері Еуропа елдерінде орналасқаны нені білдіреді, діни ағымдардың көсемдерінің бәрі сол елдерде емін еркін өмір сүріп, уағыз айтып жатыр. Сондықтан Батыс елдері Исламға қарсы деген миф! Оларға қоғамды тас дәуіріне апаратын талибан исламы өте қолайлы, керітартпа дін қоғамды бір елі алға жылжытпай, қараңғылықта ұстайды, сөйтіп артта қалған мұсылман елдерін билеп төстеу оңай болады, дінпаз басшылар қойып үстінен бақылап тұрады. Өзің сияқты схоластиканың сөзін сөйлейтін «тура жолдағы» дінкештер, өкінішке қарай, Батыстың осы жоспарына қызмет етудесіңдер, сондықтан әліптің артын байқаңдар қарақтарым! Батысқа прогрессивті Ислам ұнамайды! Рационалды ойлайтын, догмалардың жетегінде кетпеген, құлдық ұрмайтын, өз пікірі бар ақылы бар, білімі бар мұсылмандар оларға еш ұнамайды….