«ASTANA AGRO FORUM – 2018»
Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы тапсырмаларды іске асыру шеңберінде, Астана қаласында АӨК саласындағы еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 5 жыл ішінде кем дегенде 2,5 есеге арттыру бойынша ауқымды республикалық «ASTANA AGRO FORUM – 2018» форумы өтуде.
Іс-шараға халықаралық сарапшылар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, үкіметтік емес сектордың өкілдері жалпы 800-ден астам адам қатысуда.
Барлық диалогтық алаңдардың негізгі 2 күндік жұмысы 2017-2021 жылдарға арналған АӨК-ті дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы және оның өзекті салалық бағыттары бойынша: «АӨК ұзақ мерзімді бағдарламалары: мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының салалық бағдарламалары», «Тұқым шаруашылығының дамуы», «Жерді ұтымды пайдалану», «Аграрлық ғылымның кәсіппен бірігуі» тақырыптарында панельдік сессиялар мен пікірталастар өтеді.
Алғаш рет, салалық форум аясында бағдарламаның үлкен көлемі Қазақстан Республикасының үкіметтік емес секторларымен өзара әрекеттестікке арналған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасы бойынша ауылдық үкіметтік емес ұйымдары мен «Қазақстанның Азаматтық альянсы» Коалициясы құрылған.
Сондай-ақ, Форум аясында ірі ұлтаралық компания басшылары, сала көшбасшыларының қатысуымен «дөңгелек үстел» жоспарланған. Соның аясында бірқатар перспективті меморандумдарға қол қойылады.
Мұндай форумдарды өткізу ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қажетті ақпараттық ресурстармен, қолжетімді диалог алаңдарымен қамтамасыз етуге, мемлекеттік орган өкілдері мен сарапшыларға өз сұрақтарын қою мүмкіндігі, мемлекеттік қолдау механизмдерімен таныстыру бағытталады, бұл өз кезегінде жалпы өндірістік еңбек пен өндірістік көлемге әсер етеді.
ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com