ҰБТ: Қызылордада 37 мектеп түлегі тест сынынан босатылды
Ертең елімізде мектеп түлектерінің он бір жылдық білім деңгейін тексеретін ҰБТ сыны басталады. Бір Қызылорда облысының өзінде биыл 6564 оқушы алтын ұясынан ұшқалы отыр. Облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаевтың мәліметіне сүйенсек, жоғары аталған түлектердің 4559-ы, яғни, 69,5%-ы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспақ. Солардың 329-ы «Алтын белгіге» үміткер болса, 123-і «Үздік аттестатты» қорғауға бекініп отыр. Сондай-ақ, Халықаралық конкурстарда жеңімпаз атанған 37 бала биыл ҰБТ-дан босатылғанын айта кету керек. Бұған дейін мәлім болғандай, биыл ҰБТ-ға 86 мың 991 түлек қатысса, олардың ішінде 63 021-і қазақ тілінде, 23 970-ы орыс тілінде білім алған оқушылар. Ал, мектеп бітіруші түлектерге бөлініп отырған гранттар саны – 31 700.
«ЕлАна»