ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ – ЖАСТАРМЕН

Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы
Орталық Кеңесінің семинар-кеңесіне қатысушылардың
Қазақстан жастарына арналған
ҮНДЕУІ

 Біз, аға буын өкілдері, еліміздің ертеңі болатын жастарға зор үміт артамыз. Елдік пен Тәуелсіздіктің Киелі көк Туын асқақтата желбірететін – жастар, сіздер боласыздар. Біздің алдымыздағы аға ұрпақ – Отанды сүю мен елге қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетті. Олар елін жаудан қорғап, тұралаған халық шаруашылығын қалпына келтірді, қиын-қыстау заманда қажыр-қайраттарын аямай жұмсап еңбек етті. Бүгінгі біздің аға буын -Тәуелсіз Қазақстанның құтты іргесін қалаушылар!

Патриотизм жайлы айтуға біздің толық құқымыз бар. Аға буынның айтары –нақты  іс-тәжірибеден туындаған үлгі-өнеге, ғибратты тағылым.

XXI ғасыр –  жаһандық жас, қуатты және талантты адамдардың дәуірі. Бізді сіздердің азаматтық позицияларыңыз, білімге құштарлықтарыңыз, инновацияға ашық болуға талпыныстарыңыз қуантады.Отанымыздың өркендеуіне үлес қосып жүрген  жастар аз емес.Әлем жұрты көп ұзамай жасқазақстандық мықты ғалымдар, дәрігерлер, инженерлер, талантты музыканттар мен спортшылар туралы естіп-білетін болады. Елімізде жастардың әлеуетін дамытуға және жүзеге асыруға қажетті жағдайлармен мүмкіндіктер молынан жасалуда. Атап айтқанда: «100 нақты қадам», «100 жаңа есім», «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020», «Бизнестің жол картасы — 2020», «Дипломмен — ауылға»,»Болашақ»,  «Жасыл ел», «Қолжетімді баспана», «7-20-25» бағдарламалары арқылы Ұлт Жоспарында жастарды қолдауға бағытталған шаралар көптеп қарастырылған. Мемлекетімізде жасалып жатқан мақсатты  жұмыстарсіздер үшін, сіздердің болашақтарыңыз бен еліміздің көркеюі үшін кең арна ашады.  Қазақстан дамыған қуатты 30 елдің қатарында болу үшін сіздердіңқажыр-қайратыңыз қажет. Сіздер алған білімдерің мен күш-жігерлеріңізді барынша пайдаланабілсеңіздер ғана ел болашағы жарқын болып, Елбасы Жолдауындағы қойылған мақсат-міндеттерге  жетеміз.

Еліміздің келешегі кемел болуы, гүлденіп-өркендеуі  жастардың білім деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігіне тікелей байланысты. Жастарымыз білімді болса ол еліміз үшін  интеллектуалдық капитал болып табылады.

Сондықтанжастарымыз үздіксіз ізденіп, білімдерін жан-жақты жетілдіруге, қазіргі жаһандық алмағайыптар кезінде заманауи талаптардың үдесінен шығуға ұмтылуы тиіс. Отан әрбір қазақстандықпен бірге еліміздегі өзгерістер үдерісіне жастардың да белсенді атсалысуын талап етуге хақылы.

Сіздердің алдарыңыздан ата-бабалар армандап көрмеген ғаламат мүмкіндіктер ашылуда.Біздің жеңісті жолымыз бен жасампаз дәстүрімізді сіздер лайықты жалғастырарсыздар деп сенеміз.

Жастар еліміздің экономикасына, әлеуметтік салаларында, қоғамдық өміріне де, ғылым мен мәдениетіне де, жалпы руханиаты мен заңдық-құқықтық-тәртіптік тұрғыдан жақсарып кемелдене түсуіне де өз үлестерін қосады. Сонымен бірге жастар бабалар аманатына адал болып, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуы керек. Ұлттық кодымызды көздің қарашығындай сақтап, өз ана тіліміздің мәртебесін көтеруге үлес қосыңыздар.  Көп ұлтты еліміздің бір шаңырақ астында тату-тәтті, ынтымақта өмір сүруі біздің елдің зор жетістігі.  Дәл осы жетістікті одан әрі биік тұғырға көтере беріңіздер.

Елбасы өз Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады.Қазақстанның жарқын болашағы –   жастармен! Аға буын жастарға сенеді!

 

Үндеу Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы
Орталық Кеңесінің семинар-кеңесінде қабылданды.

12 қазан 2018 жыл