Павлодарда құқықтық қызмет орталығы ашылды

Облыс орталығында ашылған құқық қорғау қызметтерін көрсету орталығында азаматтар өздерінің құқықтарын қорғау бойынша білікті мамандардан кеңес алады.

Орталықта құқық қорғау және атқарушы органдардың мамандары келушілерге құқықтық қызметтер бойынша кеңес береді. Мұнда азаматтар өздерін толғандырған мәселелер бойынша барлық қажетті көмек ала алады.

— Орталыққа келген әр облыс тұрғынның тегін заңгерлік көмек алуына болады, — Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. – Құқық қорғау қызметтері орталығы азаматтардың құқық қорғау және мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға септігін тигізеді. Павлодар қалалық сотында осындай орталық жұмыс істейді. Медиация орталығының жұмысы да жақсы жолға қойылды. Сондықтан, аймақ тұрғындарына мамандардан кеңес алып, өздерінің мәселелерін сотқа жеткізбей шешуіне болады.

Орталықта прокурорлармен қатар, адвокаттар, медиаторлар, сот орындаушылары, нотариустар және полиция қызметкерлері кеңес береді.

— Орталық әкімшілік кедергілерді жою үшін және азаматтардың сапалы қызмет алуына жағдай жасау мақсатында құрылды, — деп атап өтті облыстың бас прокуроры Қайрат Әбдіханов.

 

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы