Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушылары технолгиялық қалдықтардан құрылыс материалдарын жасап шығара бастады  

 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдары өткен жылдан бері жылу энергетикасы және металлургия саласы кәсіпорындарының қатты техногендік қалдықтарын құрыылс материалдарының өндірісінде пайдалану жобасын жүзеге асырып келеді.

«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасының шеңберінде ғалымдар ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Әлемдік банктің грантына ие болды.

Қазіргі кезде жоба авторлары «ЭкостройНИИ-ПВ» ЖШС-ін құрып, құрылыс бұйымдарының өндірісі бойынша цех ашты. Олар өнеркәсіптік технологиялық желі құрып, құрылыс материалдарының үлгілерін шығара бастады.

Қазіргі кезде жаяу жүргіншілер плиткасы, жиектастар, кірпіштер шығару бойынша патенттерді алу үшін құжаттама әзірленіп жатыр.

Жобаны жүзеге асыруға шетелдік ғалымдар да қатысуда. Яғни, алдағы уақытта кәсіпорынның өнімдерін Қазаақстанмен шекаралас аймақтарға экспортқа шығаруға да болады.

— Павлодар мемлекеттік университетімен бірлескен жоба жүзеге асырылып жатыр. Ғылым, әсіресе, техникалық білім беретін жоғарғы оқу орындары осындай бағытта жұмыс істеп, өз ісінің нақты нәтижесін көруі керек, – дейді техникалық ғылымдар докторы, Новосібір мемлекеттік техникалық университетінің профессоры Владимир Ларичкин.

Жобаға университеттің студенттері мен магистранттары да тартылып, зерттеулердің нәтижелері халықаралық конференциялар мен экономикалық форумдардың материалдарында жарияланды.

 

 

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы