Ақылды айфоныңызбен, Абылайхан алаңы, Бурабайды тамашалаңыз….

Ақылды айфоныңызбен, Абылайхан алаңы, Бурабайды тамашалаңыз….

 

Ел басының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақмола өңірінің киелі мекендерінің арнайы сипаттамасы, әсем көріністерін  түсірген «SMART Рухани жаңғыру» мобильді жобаның  әзір болғаны жайлы Ақмола облысының әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова журналистерге баспа сөз мәслихатында таныстырды. Мәслихатқа  жобаны әзірлеген  «ІТ-Expert.Asia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Алексей Николаев қатысып, жоба жайлы таныстырды.

Брифингте сөз алған  облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова: —  Жаһандану заманында әрбір ұлт өзін-өзі тануға, ұлықтауға  ұмтылуы – заңдылық. Әйтпесе, жаһандану жалмап кетеді.  Осы мақсатта Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы ұмытқанды жаңғыртып, рухты серпілтетін маңызды бағдарлама. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында облыста біршама  жобалар жүзеге асып, кейбірі жалғасып жатыр. Атап айтсақ «Ашық әкiмдiк», «Smart денсаулық сақтау», «Smart бiлiм беру» Smart agro», «Smart транспорт», «Тыныш қала», «Инновационная алаңы».сияқты  жобалар. Таныстырып отырған «SMART Рухани жаңғыру» мобильді қосымшасы осы жобалардың жалғасына жатады. Жобаны  облыстық ішкі саясат басқармасының  мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «ІТ-Expert.Asia» серіктестігі жүзеге асырды.
Ақмола облысының туристік және мәдени әлеуеті жоғары. Сандық контентте  мүмкіндігі зор. Осыған сай көрікті әсем, киелі жерлер, аңыздар мен жырларға арқау болған мекендер,  мұрағат суреттері жобада кәсіби шеберлікпен дайындалып  қамтылған. QR-код бойынша  курорты аймақ Бурабайдағы Абылайхан алаңы, Ерейментаудағы Бөгенбай батыр, Атбасардағы І.Есенберлин ескерткіші сияқты  тарихи жерлер орналастырылған. Жоба жалғасады.   Бейне-роликті ғалам тор шарлаған кез келген мекенде қалта телефон, смартфон және  жеке компьютер арқылы  көре бересіздер, деп жобанының негізгі авторы «ІТ-Expert.Asia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Алексей Николаевқа сөз берді. Жоба авторы:

— Бейне роликті бұрындары дайындалған «Web-сайт», «Интерактивті жол сілтеуші», «360 градустық» бейне бағдарлама жасақтайтын ғаламдық жүйе, технологияны пайдаланып жасадық.  Осы жасалған жоба арқылы, Ақмола өңірі жайлы нақтылы мәліметттер, жазбалар, фото, бейне-баян, туристік бағыт, GPS таңба, облыстағы жаңалықтарды сіздермен, біздер, қонақтар,  туристер осы интерактивті жол сілтеуші арқылы қол жеткізетін боламыз.  Роликтің  артықшылығы қолданушыға жүретін жол алдын ала таңдаудың  қажеті жоқ, интерактивті карта арқылы қажетті кез келген бағыттын өзі  таңдайды. Цифрлық контентке Ақмола облысындағы 44 жуық киелі орындар енді, алдағы уақытта  200 жеткіземіз. Бұл қосымшаны кез келген адам смартфонға жүктеп, бейне-роликтегі нысандарды 360 градусқа айналдырып, аударып, төңкеріп  көруге болады.
Мобильді қосымшада кәсіби дикторлар сөйлейтін мульти тілді аудио , интерфейс және контенттерді қазақша, орысша, және ағылшынша аударатын бағдарламалар орналастырылған, дейді, жоба авторы.  Брифинг соңында өңірде «Рухани жаңғыру» жайында атқарылып жатқан игі істер жайында журналистермен, спикерлер арасында сұрақ, жауаптар болды.

Жиынды қортындылаған әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімова:
– Бізде қандай бір істі тыңғылықты  жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Мүмкіндіктерді қарастырып, пайдалансақ, ел алдындағы міндет, Елбасының тапсырмасын, идеяаларын  абыроймен жүзеге асыра алатын боламыз.  – деді.

Түйін. Заманның ағысы өзгеріп, ақпарат ағымы жөңкілген заманда дүниені  Смартсыз елестету мүмкін болмайтын болды. Қоғам бұлжымастай Смарт –қоғам ға (Smart Society) байланды десе болады.  Электрониканың  мүмкіндіктері артып,  өте жылдам дамуына сай,  ақпараттық технологиялар ды  қоғамның барлық саласында өте қарқынды қолданбасақ  өркенниет көшінен қалып қоямыз. Ауыз екі тілде, қарапайым ортада айтыла бермейтін күрделі терминдер саны күн санап артып келеді. Осы сөздердің мән, мағынасына қарапайым біздер үңіледе бермейміз.  Солардың бірі осы Смарт, яғни Смартфон, (Smart-Phone), Smart теледидар (Smart-TV) , деп жалғаса береді. «Smart» деген не сөз? Ағылшынша Smart «ақылды» деген мағына береді екен.  Технологиялық сипаттына үңілсеңіз, осы  мағынаға жуық. Қандай бір істі оңай атқаруды, ақылмен, әдіспен істеді дейміз. Сол, сияқты , заманға сай ақылды технология, ақылды техника, жан жақты, ыңғайлы, ықшам дегендей. Өмірде, техника тілінде көп ұшырасатын автомобиль, аэромобиль, мобильді телефон  сөздеріндегі «Моbile»  ағылшанша – ыңғайлы,  икемді, қозғалмалы, шапшаң, шұғыл, жедел  деген мағынада қолданылады екен. Онда мобиль дегеніміз  – істі жылдам, ыңғайлы атқаратын құрылғы десек болады.   Қазір мобильсіз өмірді елестете алмауға жеттік. Міне, бүгінгі айтылған  жобамызда өмір, заман талабымен   еніп отырған жобаның бірі екені даусыз. Әлем көшінен қалмау үшін, «Smart» «Моbile» — сіз алға баса алмаймыз. Себебі, өркенниетті елдерден  жаңалық іздеген білімді азаматтар, ақшасын шашып серуен құратын туристер, елімізге, өңірге келіп, киелі өңір, әсем табиғатты араласа, іргеде тұрған Бурабайға келсе, осы Смарт-мобиль жобасының көмегі көмектесетініне сенім артыңыз.

Бурабайдағы  Абылайхан алаңы. Фото интернеттен.

Сол үшін Рухани жаңғыру бағдарламасына «SMART» мобильді жобаны  енгізу бүгінгі күннің талабы. Талаппен, талғамға сізде, бізде сай болып, ақылды айфонды, алақаныңызға сала отырып, ақмола өңірінің киелі жерлерін Бурабайдың тамаша табиғатын, ондағы Абылайхан алаңынан бастап, Қорғалжын даласындағы Жәнібек- Шалқар, Беспақыр сияқты мазар кесенелердің тарихымен  қатар, айдын  көлдерінен құс төресі ал қызыл Қоқиқазды  тамашалауға мүмкіндігіңіз бар.

Дахан Шөкшир.