«Әл-Әзһар» ректоры терроризмнің басты себебін атады

KAZISLAM –  Ислам әлеміндегі беделі оқу орны «әл-Әзһар» университетінің бас имамы шейх Ахмед Тайиб Каир қаласында өткен «Ислам және батыс: алуантүрлілік және бірігу» атты конференциясында терроризмнің басты себептерін атады, деп жазады Daily News.

«Көп жағдайда қатыгездік әрекеттердің барлығын мұсылмандарға жабады, алайда осы мұсылмандар терроризмнің құрбаны болып отыр. Терроризм қандай да бір діннің негізінде емес, дін мен моральдың ғаламдық режимін спекуляциялау салдарынан туындайды» деп атап өтті шейх.

Ахмед Тайибтың айтуынша, Құран жариялылыққа, өзара түсіністікке, ұлтаралық татулыққа ғана үндейді. Ал «Әл-Әзһар» университетінде оқытылатын қазіргі заман исламы мұсылмандарды байсалды болуға, заман талабына, мәселелер мен талаптарға үйренісуге шақырады дейді шейх.